Бүгін Алматыдағы барлық 80 шыршаның шамдары жағылады

Роза Рымбаева және басқа да эстрада жұлдыздары Алматының бас шыршасының шамдарын жағу кезінде өнер көрсетеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Алматыдағы барлық 80 шыршаның шамдары 19:00-де жағылады. Бас шыршаның шамын жағу рәсімі Абай атындағы алаңда өтеді. Биіктігі 25 метр болатын шыршаны безендіру үшін 6 шақырым гирлянда, сәндік элементтер, шырша шарлары, ірі банттар және қайта өңделген экологиялық қауіпсіз материалдардан жасалған жаңа жылдық ойыншықтар пайдаланылды.

Шырша шамдарын жағу рәсіміне дейін, сағат 18:00-де Абай алаңындағы Республика Сарайының алдында «Алматының 8 кереметі: отбасылық мереке — таңғажайып Жаңа жыл» атты ауқымды шоу басталады. Іс-шарада Роза Рымбаева, Тұрар, Балжан Бидаш, «Альфа» тобы, Динара, Назым Әділдина, Мәди Рымбаев, Dakelot, «Астра» тобы, Adill және Malika Yes және басқа да эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді (кіру тегін).

Абай алаңына келген қала тұрғындары мен қонақтарын Күлбике күймесі, Зімбір адам және басқа да ертегі кейіпкерлері қарсы алады. Ірі әрі жарқын фотозоналар, жарқыраған субұрқақтар және басқа да инсталляциялар халыққа ерекше мерекелік атмосфера сыйлайды. Іс-шараға келген қонақтар естелік фотосурет жасап, жаңа жылдық видео түсіре алады.

Сонымен қатар, Абай алаңында 2024 жылдың 20 желтоқсанынан 2025 жылғы 5 қаңтарға дейін мерекелік жәрмеңке өтеді. Мұнда қолөнер бұйымдары, кәдесыйлар және жаңа жылдық ойыншықтар ұсынылады.

Сағат 18:00-ден бастап мерекелік іс-шаралар қаланың 8 ауданында да өтеді:

  • Алатау ауданында — «Алатау» дәстүрлі өнер театрының аумағында (Нұркент шағын ауданы, 6).
  • Алмалы ауданында — Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының аумағында (Абылай хан даңғылы, 38).
  • Әуезов ауданында — Н.Сац атындағы мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының аумағында (Шаляпин көшесі, 22).
  • Бостандық ауданында — «Атакент» көрме орталығының алаңында (Тимирязев пен Әуезов көшелерінің қиылысы).
  • Медеу ауданында — Dostyk Plaza сауда ойын-сауық орталығының аумағында және Достық даңғылы, 85а/1 мекенжайында.
  • Наурызбай ауданында — Амфитеатр алаңында (Шұғыла шағын ауданы, 347).
  • Түрксіб ауданында — №6 Оқушылар үйінің аумағында (Сейфуллин даңғылы, 13/1).
  • Жетісу ауданында — Айнабұлақ шағын ауданындағы Арбатта (Мақатаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысы).

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...

Ерлан Қарин референдумда дауыс берді: «Бүгін маңызды күн»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жаңа Конституция бойынша...

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.