ҰБТ аралық нәтижесі: 215 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

Қазақстанда негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу 5 шілдеде аяқталады. Бүгінге дейін 215 талапкер емтихан тапсыру мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҰБТ-ның аралық нәтижесін ұсынған Ұлттық тестілеу орталығының мәліметіне сәйкес, бүгінге дейін түлектердің 75% – қазақ тілінде, 24,8% — орыс тілінде, 0,1% ағылшын тілінде емтиханнан өтті. Шекті балды 67% жуық талапкер ғана жинай алған. Орташа балл – 66 балды құрады. Бүгінгі таңда смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 215 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 199 адам шығарылып, олардың да нәтижелері жойылды.

«Тестілеудің бесінші аптасы аяқталды, барлығы штатты режимде өтіп жатыр. Жалпы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 290 мыңға жуық өтініш келіп түсті, олардың ішінде 160 мың өтініш бірінші мүмкіндікке, 130 мың өтініш екінші мүмкіндікке берілген. Қазіргі таңда 170 мың рет тест тапсырылды, яғни талапкерлер екінші мүмкіндігін пайдалана бастады. Өткен аптамен салыстырғанда орташа балл 1 балға жоғарылады», – деп атап өтті Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Еске салайық, ҰБТ-ға кіргізу кезінде үш деңгейлі жүйе қолданылады: Face ID жеке басын сәйкестендіру арқылы, жеке куәлік бойынша, сондай-ақ отырғызу орнында жеке басын сәйкестендіру. Биыл тестілеу «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидатымен өтеді. Егер бұған дейін тестілеу процесін әр компьютердің жоғарғы жағынан бақылап отыратын бір камера ғана болса, енді тестіленушінің жеке басын сәйкестендіруге және бөгде адамдардың кіруіне жол бермеуге мүмкіндік беретін екінші (фронталды) камера орнатылған. Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады.


Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...