12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен аудан тұрғындарына баспана беру жалғасуда

Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетуді тапсырған болатын.

БҚО Бәйтерек ауданында 2 отбасы және Теректі ауданында 5 отбасы баспаналы болды.

Бәйтерек ауданы Достық ауылының тұрғыны Ақмарал Сламғалиқызының  баспанасы су тасқыны салдарынан жарамсыз болып қалған. Бүгін де Ақмарал Сламғалиқызы жаңа үйіне қоныстанды.

«Үш бөлмелі үйім суға кеткен болатын. Қорқынышты уақытты бастан кешірдік. Алайда Президенттің далада қалмайсыздар деген сөзі бізге үлкен үміт берді. Алғысымыз шексіз. Міне бүгін баспаналы болып отырмыз» — деді ол.

Ал, Теректі ауданына қарасты Подстепное ауылының тұрғындары да баспанаға қол жеткізе бастады.

Жүргізілген техникалық зерттеу нәтижесінде Подстепное ауылы бойынша 116 тұрғын үй жарамсыз деп танылған. Қазіргі таңда 106 үйдің құрылысы басталса, 10 тұрғын үй сатып алынуда.

Баспанасы суда қалған жандардың бірі – Айгүл Кеңесова. Бүгін ол алғашқылардың бірі болып, жаңа пәтерінің кілтін алды.

«Мен осы ауылдың тұрғынымын. Су тасқыны кезінде жалғыз үйім суға кетті. Бұл мәселе күзге дейін созылып кете ме деген қорқыныш болған еді. Алайда әкімдік аз ғана уақытта бізге пәтер сатып әперуге ықпал етті. Осылайша бүгін қоныс тойын тойлап жатырмыз. Мемлекет басшысына алғысымды білдіремін»,деді Айгүл Кеңесова.

                                                           БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Круглый стол по вопросам совершенствования нормотворчества и правового информирования населения

Институт законодательства и правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан...

Товарооборот между Казахстаном и Узбекистаном составил 3 млрд долларов

Экспортные контракты на 70 млн долларов заключили Казахстан и...

Синдром многоэтажек

ПРЕДСТАВЬТЕ СЕБЕ ТИПИЧНУЮ НОЧЬ В МНОГОЭТАЖКЕ ЛЮБОГО ГОРОДА НАШЕЙ...

Smart-решения и дороги

В г. Шымкенте запущен уникальный проект – Интеллектуальная Транспортная...

Центр внимания – семья

Адресные профилактические рейды провели сотрудники Енбекшинского районного управления полиции...