Бозжыра шатқалында қонақ үй кешені салынбайтын болды

Бозжыра шатқалында қонақ үй кешені салынбайтын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Жоба бастамашысы — «Tethys Aktau IV » ЖШС-ның ауызша ақпаратына сәйкес, Бозжыра шатқалындағы қонақ үй кешені мен этноауыл құрылысының жобасы инвестордың бастамасымен тоқтатылды», — деп атап өтті әкімдіктен.

Айта кетейік, 2021 жылдың басында өңірдегі экологиялық туризмді дамыту мақсатында инвестор ұсынған жобалардың бірі Қарақия ауданындағы Этноауыл сапар орталығы болған еді. Бастапқыда инвестор Бозжыра шатқалындағы Жабайұшқан қорықшасының аумағында жобаны іске асыруды ұсынған. Бірақ, аталған аумақ ерекше қорғалатын аймақ болғандықтан мемлекет басшысы үкіметке жобаны жүзеге асыру орнын қайта қарауды тапсырды.

Маңғыстау облысы әкімдігі мәдениет және спорт, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерімен бірлесіп, қоғам өкілдерімен, ардагерлермен, экоқорғаушылармен, ғалымдармен, экология, биология саласындағы сарапшылармен бірқатар кеңестер мен кездесулер өткізіп, жобаны Бозжыра шатқалынан 4 шақырым қашықтықта, қорықшадан тыс жерде жүзеге асыру туралы шешім қабылданды. Инвестор топырақтың геологиялық жағдайларын анықтау үшін инженерлік-геологиялық іздестіру жұмыстарын жүргізіп, қолданыстағы грейдер жолды қалпына келтірді.

«Бұған қоса, инвестор Маңғыстау облысының экологиялық туризм ерекшеліктерін ескере отырып, оны табысты жүзеге асыру үшін жоба тұжырымдамасына кешенді өзгертулер әзірлеп жатыр. Жоба тұжырымдамасына кешенді өзгертулер енгізуге қатысты кейбір сәттердің туындауына байланысты оның құны 38,6 млрд теңгеден 39,8 млрд теңгеге дейін ауытқыды. Жобаның нақты құны оған өзгерістер енгізумен байланысты жоғарыда аталған процедуралар аяқталған соқ нақтыланады», — деп атап өтеді әкімдіктен.

Тіл – ел тірегі

Тіл – әр халықтың ең басты байлығы мен рухани...

Ценности, приоритеты, вызовы

Конституционная реформа в Казахстане стала важным этапом модернизации государственного управления и укрепления принципов демократического правового государства. Как известно, с 1 июля 2026 года в нашей стране вступает в законную силу новая Конституция. В этой связи в Казахском национальном университете им. аль-Фараби 2 июля состоится Международная научно-практическая конференция на тему: «Новая Конституция Республики Казахстан: новые ценности, новые вызовы, ответственность перед будущими поколениями».

Направление дела судом прокурору

В соответствии со ст. 323 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан,...

Об особенностях назначения на должности судей

АДМИНИСТРАТИВНЫЙ ПРОЦЕДУРНО-ПРОЦЕССУАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ЗА ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ СТАЛ...

АТА ЗАҢ — АЗАТ ЕЛДIҢ АР-НАМЫСЫ

1 шілдеден бастап жаңа Конституциямыз қолданысқа енеді. Бұл – Қазақстан тарихындағы айтулы оқиға. Себебі, осы күннен Қазақстанның құқықтық шежіресінің жаңа парағы ашылып, жаңа кезеңі басталады.