БОСТАНДЫҚТЫҢ ҚАДІРІН БІЛГЕН ДҰРЫС

Сот пробация қызметінің сотталғанға бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсынысын қарау бойынша жария сот отырысын өткізді.

«Ш» есімді азамат ұрлық жасағаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. Бір жылдан кейін сот қаулысымен сотталғанның өтініші бойынша бас бостандығынан айыру бостандығын шектеуге пробациялық бақылау белгіленіп, мәжбүрлі еңбекке тартыла отырып ауыстырылды. Кейін пробация бөлімі оның бостандығын шектеуді бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсыныспен сотқа жүгінді. Сот ұсынысты қанағаттандырып, жазаны ауыстырды. Бұл ретте сот жазықты азаматтың бұрын бірнеше рет сотталғанын, оның жазасы бостандығын шектеуге ауыстырылғанын, есепке қою кезінде оған жазаны өтеудің тәртібі мен шарттары түсіндірілгенін, жауапкершілік туралы ескертілгенін, профилактикалық әңгімелер жүргізілгенін атап өтті. Бірақ ол бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, мәжбүрлі еңбекке қатыспаған, өзіне жүктелген міндетті, пробация қызметінің талаптарын орындамаған, жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзған. Сот актісі пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың қатысуымен жарияланды, сондай-ақ сот отырысына мекемеде жазасын өтеп жатқан басқа да сотталғандар онлайн тәртібінде қосылды. Жария сот отырысы осындай құқық бұзушылықтардың сотталғандар арасында алдын алу және болдырмау мақсатында өткізілді.

Аршалы аудандық соты

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...