Борышкердің мүлкiн өткізу тәртібі ҚР Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңның 8-тарауымен белгіленген. Айтып өтерлігі,борышкердің мүлкі берешекті өтеу мақсатында өткізіледі. Мысалы, 72-баптың 1-бөлігімен көрсетілгендей, жеке тұлғадан өндіріп алуда ең бірінші кезекте күнделікті қолданысқа қажеттілігі аз заттар, оның ішінде бағалы қағаздар мен металдар, валюталық құндылықтар, асыл тастар, зергерлік бұйымдар, декор, т.б. өткізіледі. Екінші кезекте тұрғын үйден басқа жылжымайтын мүліктер, атап айтқанда, көлік құралдары, ең соңынан үй өткізіледі. Себебі, адам баласы үшін баспананың маңызы зор.
Ал заңды тұлғаның мүлкіне өндіріп алуды қолданған кезде алдымен тауар өндіру мен қызмет көрсетуге тікелей қатысы жоқ жылжымалы мүлік, мысалы, дайын өнім-тауарлар, бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар, бағалы металдар, асыл тастар, зергерлік бұйымдар, декор және жайластыру заттары, одан кейін тауарларды өндіру мен жұмыстарды орындауғақатыссыз жылжымайтын мүлік, ең соңынан тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей пайдаланылатын, нақты айтқанда, өндірістік мақсаттағы жылжымайтын мүлік нысандары, шикізат пен материалдар, станоктар, жабдықтар және басқа да негізгі құралдар өткізіледі.
Жоғарыда аталған баптың нормалары кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаның жеке мүлкі мен кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын мүлкі бойынша да қолданылады.
Мүлікті өткізу кезектілігі заңмен көзделген жағдайда өзгертілуі мүмкін. Мәселен, осы баптың 4-бөлігіне сәйкес, борышкер кепіл немесе міндеттемені қамтамасыз ету ретінде берген мүлік өндіріп алу нысаны болған, сондай-ақ, тыйым салынған мүлікті кезектілік тәртібімен өткізу атқарушылық құжат талаптарының толық орындалуын қамтамасыз етпеген және оныңорындалу уақытын созатын жағдайларда заң тәртібімен өзгертіледі. Бірақ, сот орындаушысы өзгертуге себеп болған мән-жайды борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы қаулыда көрсетеді.
Ақтөбе облысы жеке сот орындаушылары
Өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы