Болашақпен Нью-Йорк пен Лондонда оқитын қазақстандықтар ай сайын 2 мың доллар стипендия алады

«Болашақ» бағдарламасымен Нью-Йорк пен Лондонда оқитын қазақстандықтар ай сайын 2 мың доллардан асатын стипендия алады. Бұл туралы ҚазАқпарат орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Болашақ» бағдарламасы аясында қазақстандықтар магистратура, докторантура, резидентурада бағдарламалары бойынша білім алып, ғылыми тағылымдамадан өте алады.«Болашақ» бағдарламасының шарттарына сәйкес мемлекет студенттерге оқу ақысын, екі жаққа ұшып қайтуды, сондай-ақ визалық алымдарды, медициналық сақтандыруды, ай сайынғы стипендияны және оқу материалдарын сатып алу үшін жәрдемақы төлейді. Стипендия мөлшері белгілі бір елдегі қалаға және өмір сүру деңгейіне байланысты өзгереді. Мысалы, Нью-Йорк пен Лондонда ай сайынғы стипендия 2 мың АҚШ долларынан асады»,- делінген білім орталығының хабарламасында.

Айта кетейік, жақында Халықаралық бағдарламалар орталығының қызметкерлері Astana IT University ұйымдастырған «AITU Career EXPO 2022» мансап көрмесіне қатысып, халықараралық бағдарламаның артықшылықтары, шетелдік жоғары оқу орындарына білім алу, оның ішінде тағылымдамадан өту бойынша кеңес берді.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...