Бокстан ұлттық құраманың мемлекеттік жаттықтырушысы тағайындалды

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен 2013 жылғы әлем чемпионы Мерей Ақшалов бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы лауазымына тағайындалды»,- делінген Бокс федерациясының хабарламасында.

Мерей Ақшалов 1988 жылы 8 мамырда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Экономика, құқықтану, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша бірнеше жоғары оқу орындарында білім алған. Спорттық мансабында бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, 2013 жылғы әлем және Азия чемпионаттарының алтын жүлде иегері атанған. 

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....