Біз бірге міндетті түрде Жаңа Өзбекстан мен Жаңа Қарақалпақстанды құрамыз — Шавкат Мирзиёев

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев тәртіпсіздіктер орын алған Нүкіс қаласына барып, Қарақалпақстан Жоғарғы Кеңес депутаттарымен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Парламент депутаттары және Қарақалпақстан халқының алдында сөз сөйлеген президент конституциялық заң жобасы жалпыхалықтық талқылаудан өтіп, кейін одан әрі жетілдіру үшін заң шығарушы органға өтетінін айтты. Тек осыдан кейін ғана жоба республикалық референдумға шығарылып, бұл сауалға қатысты халықтың еркін дауыс беретінін мәлімдеді. 

«Осыдан соң Өзбекстан Республикасының конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі», – деп атап өтті Мирзиёев.

Оның сөзінше, ел халқының парызы – бірлік пен бейбітшілікті, тұрақтылықты сақтау. 

«Конституциялық реформаның басты мақсаты – осы. Біз бірге міндетті түрде Жаңа Өзбекстан мен Жаңа Қарақалпақстанды құрамыз. Осы бағыттағы барлық реформалар мен талқылаулар тек демократиялық жолмен іске асуы керек», – деп қосты ол.

Сондай-ақ Өзбекстан президенті Қарақалпақстан Республикасының құқықтық мәртебесі өзгеріссіз қалуы керек деп санайтынын айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін Қарақалпақстанда 3 шілде мен 2 тамыз аралығында төтенше жағдай режимі енгізілген еді

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...