Биылғы оқу жылында рекорд болды

Қазақстанда оқу жылы мектеп оқушыларының рекорд санымен аяқталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бюро мәліметінше, бүгін соңғы қоңырау салтанаты 3 597 159 оқушыға арналған.

«Бұл — кейінгі 20 жылдағы оқушылар саны бойынша ең жоғары көрсеткіш. Оқушылардың басым бөлігі Түркістан облысында — 511 649, Алматы облысында — 453 199 және Алматыда — 314 683. Ең азы — СҚО-да, онда 75 171 оқушы», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ведомство қызметкері жалпы білім беретін мектеп педагогтары саны артқанын атап өтті. 2021-2022 оқу жылында 369 696 болған, ал 10 жыл бұрын мектептерде 306 492 мұғалім жұмыс істеген.

«Жалпы білім беретін мектептер саны, керісінше, жыл сайын қысқарып жатыр. Биыл 7 550 орта мектеп оқушы қабылдаса, бұл көрсеткіш 10 жыл бұрын 7 790 болған еді. Оған себеп — ауылдық жерлердегі мектептердің жабылуы», — делінген статистика бюросы мәліметінде.

ОПМ «Правопорядок»

Согласно статьям 44, 63-64 УК РК лица, находящиеся на...

В поддержку детей с инвалидностью 

В СЕВЕРО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ НАЧИНАЕТСЯ АПРОБАЦИЯ ОБНОВЛЕННОЙ МОДЕЛИ СОПРОВОЖДЕНИЯ ДЕТЕЙ...

От видеоконтроля до прогнозного ИИ 

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ПРОВЕРИЛ, КАК ВЫПОЛНЯЮТСЯ ПОРУЧЕНИЯ ПРЕЗИДЕНТА ПО ЦИФРОВОЙ...

ОДИН ДЕНЬ ПОЛИЦЕЙСКОГО: 10 ЛЕТ СЛУЖБЫ, ПОСВЯЩЁННОЙ БЕЗОПАСНОСТИ ДОРОЖНОГО ДВИЖЕНИЯ

Каждый рабочий день инспектора службы батальона патрульной полиции Департамента...

ПОЛИЦИЯНЫҢ БІР КҮНІ: 10 ЖЫЛ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ АРНАЛҒАН ҚЫЗМЕТ

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Патрульдік полиция батальонының қызмет...