Биылғы астық жинау науқанына болжам жасалды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтен 2022 жылғы егін жинау нәтижесі туралы сұрады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет басшысы өткен жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты егін орташа жылдық көлемнен төмен болғанын атап өтті.

«Биыл аграршылар егін егуді оңтайлы мерзімде аяқтады, жердегі ылғалды сақтау бойынша жұмыстар да уақытында жүргізілді. «Қазгидрометтің» маусым айындағы болжамы да қолайлы болып тұр.

Қазіргі уақытта осы факторлардың барлығы астық түсімін орташа жылдық көлем деңгейінде болжауға мүмкіндік береді. Егер бидай туралы айтатын болсақ, ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамы бойынша, 13-13,5 миллион тонна деңгейінде жиын болады деп отырмыз», — деп жауап берді Қарашөкеев.

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...