Биыл түлектерге ҰБТ-ны екі рет тапсыруға рұқсат беріледі

Биыл түлектерге Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсыруға рұқсат беріледі. Бұл жайында биыл мектеп бітіретін оқушыларға хат жазған ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақсы жаңалық та бар. Instagram-да мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол», — деп жазды министр Facebook парақшасында.

Сонымен қатар ол түлектерге Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан сүрінбей өтулеріне тілектес екенін жеткізді.

«Білімдеріңіздің арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, грантқа ие болыңыздар! Баршаңызға сәттілік тілеймін!», — деді Асхат Аймағамбетов.

БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Болашақ мұғалім үшін біліммен қатар кәсіби ортада өзін еркін...

КазНУ формирует экологическую культуру

В Казахском национальном университете им. аль-Фараби постоянно проходят мероприятия,...

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен Ахмет Байтұрсынұлы...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ТІРЕГІ

Қазақстан қоғамының бүгінгі даму бағыты – жас буынның әлеуетін...

ҚазҰУ — сапалы білімнің бастауы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-ғасырдан аса тарихы бар, еліміздегі...