Биыл мүгедектігі бар адамдарға қанша теңге көлемінде жәрдемақы төленеді?

2025 жылы ел азаматтарына 746 млрд теңгеге жуық көлемде мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы мен әлеуметтік төлем төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2025 жылғы қорытындыға сәйкес мүгедектігі бойынша жәрдемақы алушылар саны — шамамен 553,9 мың адам, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушы саны — шамамен 191,9 мың адам.

Көмектің мөлшері

Биыл мүгедектігі барларға әлеуметтік жәрдемақы мөлшері мынадай:

  • 1-топ үшін 111 872 теңге;
  • 2-топ үшін 89 498 теңге;
  • 3-топ үшін 61 021 теңге.

Еңбекке қабілетінен айырылуы бойынша әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері — 72 409 теңге, асыраушысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшері — 73 306 теңге.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.