Биыл әкімдер, депутаттар мен судьялар табыс декларациясын тапсырады

2020 жылғы 10 желтоқсанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Аталмыш заңға сәйкес, елімізде 2021 жылдың 1 қаңтарынан жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі басталды. Мемлекет осы бастама арқылы жемқорлықпен, көлеңкелі экономикамен күресіп, қазына қаржысын молайтпақ, деп хабарлайды zakon.kz kursiv.kz-ке сілтеме жасап.

Кіріс пен мүлік туралы есепті кім және қашан тапсырады.

Алғашқы кезеңде декларациялау барлығына бірдей әсер етпейді. Бірінші кезеңде мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген азаматтар мен олардың жұбайлары табыстарын тапсырады. Нақты айтсақ:

— жауапты лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер: Премьер-министр, Мемлекеттік хатшы, министрлер, облыс мен қала әкімдері, парламент депутаттары мен судьялар;

— мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген-жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары, қызметкерлері және мүшелері (мемлекеттік бюджеттен жалақы төлейтін), мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметшінің м.а., аудан, ауыл мен ауылдық округтердің әкімдері, Ұлттық банк қызметкерлері, президенттікке кандидаттар, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметкерлері. Сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілері және олардың жұбайлары;

— «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР Заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген тұлғалар.

Жаппай декларациялау аясында мемлекеттік қызметшілер жеке меншігін, активтерін, дебиторлық-кредиттік қарыздарын, инвестициялық алтындарын, қолма-қол ақшасын және авторлық құқығын жасырмай көрсетуі керек.

Декларациялаудың екінші кезеңі 2023 жылдың 1 қаңтарынан басталады:

– кіріс туралы есепті мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салаларын қоса алғанда) және олардың жұбайлары тапсырады.

Үшінші кезең 2024 жылдың 1 қаңтарынан, төртінші кезең 2025 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Бұл кезеңде кірісін заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары жариялайтын болады.

Ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан басталатын төртінші кезеңде қалған барлық қазақстандықтар кірісі мен мүлкі жөнінде есеп береді.

Декларацияны белгілі бір мерзімде: қағаз түрінде –15 шілдеден кешіктірмей, ал электронды форматта 15 қыркүйектен кешіктірмей тапсыру керек.

«Кемел Тоқаев» ордені: Қайрат Закирьянов ерекше марапатқа ие болды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт...

Тұңғыш Президент саябағында Наурызды бірге қарсы алайық!

Алматы қаласының тұрғындарымен қонақтары, сіздерді 21-ші Наурыз 13:00-де Бостандық...

Казахстан обошёл Францию и Сингапур в мировом рейтинге счастья 

Страна показала высокие результаты в доверии и взаимопомощи. Казахстан занял...

Қазақстан Франция мен Сингапурды басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде алға шықты

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны...

Әдеп жөніңдегі уәкілдің профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...