12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Биыл еліміздің Ата Заңына — 30 жыл!

Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл. 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция – мемлекетіміздің іргетасы, тәуелсіздігіміздің тірегі. Ата Заңның әрбір бабы – халқымыздың болашаққа деген сенімі мен ұрпаққа аманаты. 30 жыл ішінде Конституциямыз елдігіміздің еңсесін тіктеп, Қазақстанды демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде әлемге танытты.

Мемлекет басшысы атап өткендей: «Ата Заң – мемлекеттілігіміздің мызғымас тірегі әрі еліміздің саяси және қоғамдық құрылысын, айнымас құндылықтары мен даму жолындағы стратегиялық бағыт-бағдарын айқындайтын басты құжатымыз».

Қазақстан Республикасының Ата заңы кіріспеден және 10 бөлім мен 99 баптан тұрады. Конституцияның алғы сөзінде былай деп жазылған: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз».

Конституцияның 1 бабы, 1 тармағында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылған. Яғни, Конституция тек мемлекеттік биліктің жұмыс тәртібін белгілейтін құжат емес, әрбір қазақстандықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін, оның құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басты қорғаны. Білім алу, еңбек ету, жеке пікір білдіру, кәсіп ашу, әділ сотқа жүгіну бәрі де осы Ата заңда бекітілген құқықтар арқылы жүзеге асып келеді.

1995 жылдан бері Конституцияға бірнеше рет түзетулер енгізілді. Бұл түзетулер қоғам мен мемлекеттің дамуындағы өзекті сұраныстарға жауап ретінде қабылданды. Бұл реформалар елдегі демократиялық үрдістерді нығайтуға, азаматтық қоғамның рөлін арттыруға және билікке деген сенімді күшейтуге бағытталған еді. 

30 жыл ішінде Конституция қоғамды ұйыстыратын темірқазыққа айналды. Сарапшылардың айтуынша, оның ең үлкен құндылығы әрбір азаматтың құқығын қорғауында. Ал халықтың санасында ол әділет пен теңдіктің айнымас өлшемі болып қалуы қажет.

Ж.Б.Агедилова, Жезқазған қалалық сотының төрағасы

Послание Президента 2024: частный бизнес установил более 100 фандоматов в крупных городах

По инициативе Главы государства Касым-Жомарта Токаева в стране проводится...

Ата Заң – ұлттың темірқазығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық...

Әділеттің ақ жолын ардақтаған азамат

Отставкадағы құрметті судья, заң саласының ардагері, ел алдында зор...

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 10,4 млн-нан астам адамды игілікке ұйыстырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» ауқымды...