Биыл Атырауда 10 спорт кешені пайдалануға берілді

Атырау облысында спорттық инфрақұрылымды дамыту аясында жергілікті бюджет есебінен 29 спорт кешенінің құрылысы басталды. Оның 10-ы пайдалануға берілсе, қалған спорт кешенінің құрылысы 2026 жылы аяқталады, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өңірде халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік беретін ірі спорт нысандарының құрылысы да қолға алынған. Атап айтқанда, 12 мың орындық ЕУРО-IV санатындағы стадион мен ұлттық спорт кешенінің жобалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Сондай-ақ облыс орталығында көпбейінді «Атырау-Арена» спорт кешенінің құрылысына жер телімі бөлініп, дайындық жұмыстары басталды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Тексол» компаниясы спорттық-сауықтыру кешенін салуды қолға алды.

Бұдан бөлек, тарихи «Элинг» ескек есу базасы мен мүгедектер спорт клубының спорт кешені күрделі жөндеуден өтуде.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өңір тұрғындарының спорттық инфрақұрылыммен қамтылу деңгейі 62 пайыздан 71 пайызға дейін артты.

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...