Биыл Қазақстан шегірткемен күреске қанша ақша бөледі?

Премьер-министр Түркістан және Жамбыл облыстарында шегірткеге қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің оңтүстік өңірлерінде шегіртке таралуына қарсы күресті күшейту қажет екеніне назар аударды.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қазіргі жағдай туралы баяндады. АШМ мәліметтері бойынша шегіртке 2,1 млн гектар аумақта тараған, бұл былтырмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз.

«Зиянкестермен күресуге республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге бөлінді. Жұмысқа 443 бүріккіш техника мен 4 625 маман жұмылдырылды. 12 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл және Түркістан облыстарында шегіртке зиянкестері дернәсілдерінің таралуы байқалады. 1 388,9 мың гектар жер зерттелді, оның 396,6 мың гектары өңделеді. Нақтырақ айтсақ, 390,8 мың гектар, соның ішінде Жамбыл облысында 27,8 мың гектар, Түркістан облысында 363,8 мың гектар өңделді», — деді министр.

Премьер-министр ведомство мен өңірлер арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуді тапсырды.

«Айдарбек Сейпілұлы, өңірлердің әкімдерімен бірлесіп, зиянкестерге қарсы сапалы мониторингті, профилактикалық және қорғау шараларын жүргізуді қамтамасыз ету керек. Шегірткенің таралу болжамдарын үнемі жаңартып отырып, жедел шаралар қабылдау үшін ведомствоаралық үйлестіруді күшейту қажет. Қазір Түркістан және Жамбыл облыстарында шегірткемен күреске ерекше назар аударыңыз», — деді Олжас Бектенов.

Наурыз мейрамында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Көктемнің алғашқы айы қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтеді.

Мұнай бағасы тағы өсті: Brent мұнайының құны 103,08 долларға жетті 

Азия сауда сессиясының басында мұнай бағасы айтарлықтай өсті. Brent мұнайы баррелі 2,8%-ға қымбаттап, 103,08 долларға, ал WTI мұнайы шамамен 3%-ға өсіп, 96,25 долларға жетті.

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов елге оралды 

Ербол Хамитов Астанаға оралды. Астана әуежайында спортшыны туған-туыстары, жанкүйерлері және спорт қауымдастығының өкілдері қарсы алды.

Референдум-2026: Қазақстанда жаңа Конституция қабылданды 

Қазақстанда 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумның қорытындылары жарияланды.

Өзбекстан президенті Мирзиёев Тоқаевты референдум табысты өтуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.