12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бітімгершілік – биік адамгершілік іс

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы (бұдан әрі — Заң) 2011 жылдың 11- қаңтарында қабылданған болатын.

Осы аталған Заң талабына сәйкес 2021 жылдың 1- шілдесіне дейін тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларға (дау-шарларға) медиация рәсімі қолданылмайтын.

Елімізде әкімшілік әділет өз жұмысын бастаған, Әкімшілік рәсімдік — процестік кодекс (бұдан әрі — ӘРПК) қолданысқа енгізілген күннен бастап, мемлекеттiк басқару қатынастарынан туындайтын жария-құқықтық дауларды медиация тәртібімен реттеу тәжірибесі кеңінен қолданысқа ие болды. ӘРПК-нің 120, 121- баптарының талаптарына сай әкімшілік сот ісін жүргізуде сот (судья) процестің бүкіл сатысында тараптардың татуласуы үшін шараларды қабылдайды, оларға дауды реттеуге жәрдемдеседі. Сондай-ақ, әкімшілік сот ісін жүргізудің барлық сатысында (кезеңінде) сот шешім шығаруға кеткенге дейін тараптар татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады. Осы татуласу шараларының бірі – дауды медиация тәртібімен реттеу рәсіміне тоқталайық. Ескере кететін жағдай, тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын дауларға (жанжалдарға) медиация рәсімі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қолданылады (Заңның 1- бабының 3- тармағы).

Сотта медиация жүргізу тәртібі ӘРПК-нің 121- бабымен белгіленген. Медиация дегеніміз — тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі.

Медиация рәсімі қалай жүргізіледі?

Әдетте, бірінші сатыдағы сотта медиация жүргізу үшін әкімшілік іс медиация туралы келісімді бекітетін басқа судьяға беріледі.

Алайда, тараптардың өтінішхаты (жазбаша келісімі) болған жағдайда, медиацияны әкімшілік іс өзінің іс жүргізуіндегі судья жүргізе алады.

Апелляциялық сатыдағы сотта медиация жүргізу үшін әкімшілік іс соттың алқалы құрамының судьяларының біріне беріледі.

Ал, кассациялық сатыдағы сотта дауды (жанжалды) медиативті келісім жасасу арқылы реттеу туралы өтінішхатпен бір мезгілде тараптар аталған келісімді ұсынуға тиіс.

Талапқа сай, медиация жүргізетін судья медиация жүргізілетін күнді тағайындайды және тараптарға оның өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлайды.

Егер басқа адамдардың қатысуы дауды (жанжалды) реттеуге ықпал ететін болса, сот оларды медиацияға шақыруға құқылы.

Сот медиация туралы келісімді бекіту мәселесін сот отырысында немесе алдын ала тыңдауда қарайды, іске қатысушылардың пікірлерін тыңдайды. Одан әрі, келісімді бекіту туралы тараптардың өтініші бойынша шешім қабылдау үшін сот залынан шығып, келісімнің мазмұны мен шарттарын зерделей отырып, жоғарыда аталған мән-жайларға баға береді. Нәтижесінде, келісімді бекіту не одан бас тарту туралы сот ұйғарым шығарады.

Сонымен қатар, сот ұйғарымында талап қоюды толығымен немесе тиісті бір бөлігінде қайтару туралы көрсетіледі.

Қазіргі уақытта, сот тәжірибесінде жария-құқықтық дауларды татуласу немесе медиация рәсімдерін жүргізу арқылы шешу мүмкіндіктері мейлінше кеңінен қолданылып келеді. Ендеше, мемлекеттік, әкімшілік органдарға жария құқықтық дауларды өзара келісім арқылы шешу жолдарын барынша қарастыруды ұсынамыз.

Шымкент қаласының МАӘС бас маманы Ж.Ильясқызы

«Конституциялық сот – Конституцияның кепілі»

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы...

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің тірегі

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, қазақ тілі – Қазақстанның мемлекеттік...

  Мекеме мәртебесі кеңсеге істі қабылдау тәртібінен және әдептілігінен басталады

      Хат, арыз, өтінім және тағы басқа талап арыздардың барлығы...

Бейбіт келісімге ұмтылайық

          Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында...

Мемлекеттік қызметкер болу үлкен жауапкершілік

Мен мемлекеттік қызметшімін, соның ішінде сот саласында жұмыс атқарамын....