12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Бітімге келу – ұтымды шешім»

Медиация деген сөздің мағынасын екі жақты татуластыру рәсімі деп түсіндіруге болады. Медиация институты қазақ қоғамына жат емес. Кезінде азаматтар арасында туындаған дау-дамайларды билер, шешендер немесе беделі бар жергілікті ақсақалдар әділ шешіп отырған. Билердің негізгі шешетін мәселесі келген шығынды қалпына келтіріп, дауласушыларды бітімге жеткізу болып табылған. Медиация деген сөздің мағынасын екі жақты татуластыру рәсімі деп түсіндіруге болады.
«Медиация» термині латынның «mediare», делдалдық ету деген сөзінен шыққан. Жалпы, медиация — үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін, дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. Үшінші тарап дегеніміз — медиатор. Медиатор — ол даудың немесе сотта қаралатын істің қатысушыларының белгілі бір келісімге келуіне көмектеседі, ол бір мезгілде тараптар дауды реттеу мен оны шешудің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады.
Медиацияның мақсаты — дауды (дау-шарды) шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету.
Осы бағытта татуластыру рәсімдеріне тоқталуға болады. Тараптар өзара жол беру негізінде әкімшілік процестің барлық сатысында (кезеңінде) сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады. Жауапкердің әкімшілік қалауы болған кезде тараптардың татуласуына жол беріледі. Дауды медиация және партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу сотта осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар немесе олардың өкілдері қол қояды. Сот тараптардың татуласуы үшін шараларды қабылдайды, оларға дауды процестің бүкіл сатысында реттеуге жәрдемдеседі. Татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді, егер оның шарттары заңға қайшы келетін болса немесе басқа да адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын болса, бекітпейді. Егер тараптар татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімге қол жеткізбесе немесе сот келісімнің шарттарын бекітпесе, әкімшілік істі талқылау жалпы тәртіппен жүргізіледі.
Қазіргі уақытта татуласу, бітімгершілік рәсімінің аясын кеңейтуге, халықтың дауды сотқа дейін реттеуге мүдделі етуге, қоғамдағы шиеленістерді төмендетуге оң ықпал ететін аталмыш заң қарқынды жалғасуда. Өркениетті елдердегідей бейтарап медиаторды тарту арқылы істі бітімге келтіріп, заманауи құқықтық жүйенің дамуына ықпал етуіді жүзеге асыру сотта жүргізілетін медиация тәртібімен жүзеге асырылады.
Өзіміздің сотқа келер болсақ, азаматтардың отбасылық дауларға (келіспеушіліктерге), қатысты талап қоюларын қараусыз қалдыру туралы ұйғарымдарының (іс бойынша тараптардың татуласуларына байланысты (әсіресе некені бұзу туралы істер бойынша)) саны күрт өскені байқалады. Бұл үрдіс судьялардың татуластыру жұмыстарын тынымсыз жүргізіп келетініне байланысты.
Статистиканы келтіретін болсақ, 2023 жылы Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне түскен азаматтық істердің саны 1904, істердің медиация тәртібімен тоқтатылғандар саны 100, қараусыз қалдырылғандары 174, іс бойынша іс жүргізуі тоқтатылғандары 137.
Ал 2024 жылы сотқа түскен азаматтық істердің саны 4235 құрайды. Істердің медиация тәртібімен тоқтатылғандар саны 106, қараусыз қалдырылғандары 628, іс бойынша іс жүргізулер тоқтатылғандары 288.
Медиация институтының аясын кеңейту, тиімділігінің мағынасын халыққа жеткізу және халықтың, ең бастысы, балалардың ең маңызды мүдделерін қорғау үшін отбасылық дауларды барынша кемейту, сонымен қатар, соттан тыс дауды реттеу және татуласу рәсімдерінің тиімділігі жақтарын кеңінен түсіндіру қажет.
Осы мақсатта татуласу рәсімдерінің тиімділігін арттыру мақсатында халыққа, мекемелерге кездесу ұйымдастырып түсіндуріге, әлеуметтік желілер арқылы посттар, БАҚ-да мақалалар жариялап, тараптарға дауларды шешудің ең қолайлы әдісін таңдауына және татуластыру рәсіміне жүгіну құқығын және тиімді тұстарын түсіндіру қажет.
Баршаға аян, Мемлекет басшысының қолдауымен Қазақстан Репсубликаасы Жоғарғы Сотының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарын құру мақсаты — отбасыны сақтау, соның арқасында қоғамдағы ынтымақты нығайту екенін белгілі. Мемлекет құру, егемендікті нығайты жолында бірден бір заманауи, креативті пікір деп осыны айтса болады.
Гуманист, жазушы, ойшыл ғұлама, өздеріңіз білетіндей, Ш.Уалихановтың жақын, етене араласатын, оны жанымен жақсы көрген досы болған Ф.Достоевский «Бүкіл әлемнің бақыты бейкүнә баланың бетіндегі бір көз жасына татымайды» — деген.
Ал енді кез келген ізгі ниет, жақсы пікір жұмыс істеуі тиіс, ескі газет беттеріндегі тезис күйінде сарғайып жатпауы керек. Құралды қолға ұстатты ма, ұзаққа босағада қалмай, тот басып жатпау үшін оны үнемі қолдану керек.
Осы тұрғыда судьялар істі қарау барысында татуластыру мақсатында жұмыстар атқарады, тараптарға татуласқанның, ымыраға келгеннің артықшылықтарын, балалардың мүдделеріне аса көңіл аудару қажеттілігін түсіндіреді, осы тақырыпта түсіндіру, әңгімелесу жұмыстарын жүргізеді. Яғни судьялар осы мақсатта жоғары деңгейде жұмыс жүргізетінін белгісі.
Сондықтан, кейбір санаттағы істер бойынша, атап айтқанда некені бұзутуралы даулар бойынша, тараптардың татуласуларына байланысты ұйғарым қабылданған істерді медиациямен біткен істер қатарына жатқызуды ұсынуға болады.

Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы С.Абсаматов

Экология және табиғи ресурстар министрі қазақстандықтарды табиғатқа шығып от жаққан кезде мұқият болуға шақырды

 Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қазақстандықтарды қазіргі...

Мектеп жасына дейінгі баланың қимыл белсенділігін дамыту

Бұл құжат мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл белсенділігін дамытудың...

Цифровизация упрощает процедуру поступления на госслужбу

В Казахстане упростили процедуру отбора на государственную службу. Теперь кандидаты...

Профилактические работы в сфере законодательства о государственной службе

Сегодня Департаментом по делам государственной службы по г.Алматы совместно...

Абайды сөйлеткен тіл – мемлекеттің айшығына айналуы тиіс

Абай Құнанбайұлы – қазақтың кемеңгер ұстазы, терең ойшыл хәм...