Бишімбаевтың інісі рақымшылық жасау туралы өтініш берді

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың  туысы Бақытжан Байжанов амнистия беру туралы өтініш білдірді. Бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне Жоғарғы сот растады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сот мәліметінше, Байжанов биылғы 9 шілдеде Степногор аудандық сотына өтініш тапсырған.

«Бақытжан Байжанов амнистия туралы заңға сәйкес жаза мерзімін қысқарту туралы өтініш білдірді. Бұл өтініштің қаралатын күні әлі белгіленген жоқ», – делінген Жоғарғы сот хабарламасында.

Еске салайық, Бақытжан Байжанов экс-министр Қуандық Бишімбаевтың азаматтық некедегі жұбайы Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмысты жасыру бойынша айыпталып, 2024 жылдың мамырында 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Астана полициясының мәліметінше, Байжанов 2023 жылдың 12 қарашасында қамауға алынған. Сол кезден бастап 2024 жылдың шілдесіне дейін тергеу изоляторында отырды. ҚР заңына сай, тергеу изоляторындағы әрбір күні түзету мекемесіндегі 1,5 күнге теңестіріледі. Егер Байжанов амнистияға іліксе, оның жаза мерзімі шамамен 8 айға қысқаруы мүмкін. Болжам бойынша, ол 2026 жылдың қазанында бостандыққа шығуы ықтимал.

Адвокаттың айтуынша, 2025 жылдың жазынан бастап Бахытжан Байжанов шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуға өтініш бере алады. Сонымен қатар, ол Қазақстанда жарияланған амнистияға ілінетінін жеткізді. Бірақ бұл Байжановтың қылмыстық жауапкершіліктен толық босатылады дегенді білдірмейді.

Айта кетейік, 23 маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның 30 жылдығына орай амнистия жариялаған болатын. Бұл рақымшылық 15 мыңнан астам сотталған азаматқа қатысты қолданылмақ.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.