Біржолғы зейнетақы жинағын алған алғашқы қазақстандық баспаналы болды

Шымкент қаласында тұратын алғашқы Қазақстандық біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып баспаналы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қуанышты жаңалықты «Отбасы Банк» Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

«Мен өзімнің зейнетақы жинақтарымның жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін пайдалануға болатынын әлеуметтік желілерден білдім. Онлайн-платформа іске қосылғаннан кейін, келесі күні қаражатты пайдалануға өтінім бердім. Ал 1 ақпанда менің арнайы шотыма бір жолғы зейнетақы төлемдері түсті», — дейді баспана иесі.

Ол тұрғын үйді үлестік қатысу шарты аясында сатып алған. Ал ипотеканы «Отбасы Банктен» алуды ұйғарған.

«Бастапқы жарна ретінде зейнетақы жинақтарымды қолдандым», — дейді кейіпкер. — Ипотеканы «Отбасы Банктегі» аралық қарыз арқылы рәсімдедім, себебі пайыздық мөлшерлемесі және рәсімдеу жылдамдығы ұнады.

Банк өкілдері баспана иесін 3 жылдық жинақтарға қол жеткізгеннен кейін аралық заем бойынша пайыздық мөлшерлемесі 5 пайызға дейін төмендейтіні қуантқанын жазды.

«Салымшымыздың айтуынша несие бойынша мақұлдама тез берілді. Не бары 3 минут ішінде ол банктің мақұлдауын алды және несиені рәсімдеуге де көп уақыт жұмсалмады», — делінген хабарламада.

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...

Будущим юристам показали работу уголовно-исполнительной системы изнутри в области Абай

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной...

Сот жүйесінде электронды цифрға өтудің маңыздылығы

Қазіргі кезеңде ақпараттық технологиялардың дамуы сот жүйесіне де елеулі...