Бірнеше ұрлық жайтына қатысы бар ордабасылық ер адам қамауға алынды

Ордабасы аудандық полиция бөліміне екі бірдей жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның тұрғын үйінің ошақханасынан бұрғылау, ағаш сүргілеу және ағаш кесетін құралдарын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге жалпы келтірілген шығын көлемі 245 000 теңге.

Ал екінші жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз біреу оның алтын жүзігі пен сырғасын, банк карточкасын жасырын түрде жымқырып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 317 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.
Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Олар қылмысты ашу үшін қажетті шаралардың барлығын жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Анықталғандай, күдікті ер адам жәбірленушінің танысы екендігі белгілі болды. Ол екі жәбірленушінің үйінен жымқырған заттарды сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлық қылмысын болдырмас үшін тұрғын үйлер мен ғимараттарға, дүкендерге бейнебақылау камералары мен арнайы дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Сонымен қатар түнгі уақытта есік-терезелерді құлыптап қоюды ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері Денсаулық күнін спорттық жарыстармен атап өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Денсаулық күніне орай...

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...

Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды...

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...