БІРЛІК ТҮБІ – БЕРЕКЕ

Биыл да жылдағыдай тасқынның көп өңірді жайпап кеткені белгілі. Еріген қар мен өзендердің арнасынан асқан судың кейбір облыстағы бірнеше елді мекенді басып қалып, көптеген тұрғын үйді жарамсыз еткені кеше ғана емес пе? Ал сол үйдің ішінде дүние-мүлік пен қорадағы төрт түліктен де шығынға батқандар аз емес. Әйтеуір, ел мен көптеген күйлі қаржылық компаниялардың қолдауы тасқыннан кейінгі тіршілікті түзеуге көмегін тигізуде. Мұндай аласапыран Ақмола облысында да өтті, қазір онда да кеткен кем-кетіктің орнын толтыруда көп жұмыс жүргізіліп жатыр.

Әсіресе, Ақмоланың Атбасар, Сандықтау, Целиноград аудандарындағы көп ауылға жыл сайын тасқын қауіп төндіріп келді. Өзгелері де мұндай қорқыныштан ада емес еді. Жалпы аймақтағы тоғандардың тозығы жеткені айтпаса да түсінікті шығар. Бұл – көктемгі еріген қар суының екпініне шыдамай, көптеген елді мекенге қауіп төндіреді деген сөз. Мысалы, Аршалы ауданындағы «Батпакөл», Астрахань ауданындағы «Қызылжұлдыз», Бурабай ауданындағы «Веденовка», «Кенесары», «Щучинск саяжайлары», «Фроловское», Бұланды ауданындағы «Иванков», Есіл ауданындағы «Соленая балка», «Чапаевская-2», Сандықтау ауданындағы «Максимовское», Шортанды ауданындағы «Дамса» және «Негізгі» тоғандары ондаған жыл бойы еш жөндеу көрмеген еді. Оған қоса Ақмола өңіріндегі тоқсанға жуық гидротехникалық тоған болғанымен, бірқатары су жинақтауға тым әлсіз. Мамандардың сөзіне қарағанда, кешегі тасқын кезінде өңірді басып өтетін 25 өзен 11 мыңнан аса тұрғыны бар 95 елді мекенге қауіп төндірген. Оның ішінде көктем сайын арнасынан асып-тасып жататын Жабай, Нұра және Есіл өзендерінің бойындағы қауіп зор. Үш жыл бұрын Жабай мен Нұра өзендерінің аңғарларын кеңейту, таяз жерлерін тереңдету жұмысы жоспарланған екен. Бірақ оң сараптама қорытындысы бар жобаны жүзеге асыру кешеуілдеп тұр. Қала мен Борисовка селосының маңындағы Жабай өзенінің сағасын тереңдетуге байланысты жоба жасалғанымен, мемлекеттік сараптамадан өтпеген. Екіншіден, Көкшетау, Степногорск қалалары мен Қорғалжын ауданында халықты апат жайлы хабарландыру жүйесі сын көтермейтін. Жалпы аймақты қамту үшін әлі де 278 дабыл құрылғысы қажет. Әсіресе, Бурабай, Зеренді, Атбасар және Целиноград аудандарына қажеттілік басым. Су тасқынына қатысты кейінгі жылдарды еске алсақ. 2014 жылы Атбасарда 395 тұрғын үй су астында қалып, оның 209-ы жарамсыз болып қалды. Жаз шыға төрт 45 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Медициналық колледждің бұрынғы жатақханасы 29 отбасына лайықталып қайта жабдықталды. 2017 жылы апат тағы қайталанды, 636 үй қызыл судың астында қалды. Оның 459-ы жарамсыз болып шықты. Мәселені шешу үшін 45 пәтерлік тұрғын үй салынды. Осы жұмысқа 1 млрд 187 млн теңге қаражат бөлінді. Биыл да Атбасардың жағдайы белгілі. «Асар Ақмола» қоғамдық қоры 428 млн теңге қаражат бөліп, көктемгі тасқыннан жапа шеккендерге берілетін бес 100 пәтерлік тұрғын үй құрылысын қолға алған. Жобаның құны – 1 млрд 326 млн теңге. Жарқайың ауданында да көктемгі су тасқыны көп дүниені бүлдірді. Алапат апат салдарынан ауданның елді мекендеріндегі 62 үй жарамсыз болып қалды. 9 елді мекен су тасқынының зардабын көріп отыр. Бұлар – Үшқарасу, Отрадный, Құмсуат, Далабай, Нахимовка, Тассуат, Львовское, Гастелло, Пригородный елді мекендері. Аудандық әкімдікке 186 тұрғын өтініш жасаған. Олардың 185іне 68 млн 302 мың теңге материалдық көмек көрсетілген. Өтініш берушілердің біреуі көмектен бас тартқан. Бұл ауданда да ауыл тұрғындарына 109 үй салып беруді «Асар Ақмола» қоғамдық қоры қолға алып отыр. Тасқын зардабын шеккен 130 отбасының шығынын өтеу үшін Үкімет қорынан қаражат бөлінген. 185 тұрғынға 100 АЕК көлемінде бірмезгілдік жәрдемақы төленіпті. Бүгінде Жарқайыңда 30 отбасы тұрғын үймен қамтылған. 201,9 млн теңге материалдық шығын өтелді. «Асар Үме» қоғамдық қоры 27 отбасына баспана сатып алу үшін 176 млн теңге қаражат бөлді. «Бірлік Жарқайың» қоғамдық қоры 650 мың теңге қаржы бөліп, тағы бір отбасына үй сатып әперді. Алдағы уақытта Жарқайыңның Пригородный ауылында тұтас шағын аудан бой көтермек. Қазір мұнда екі пәтерлік 15 үй салынып жатыр. Шағын ауданда 30 пәтер бой көтермек. Бұл баспаналары жарамсыз болып қалған отбасыларға беріледі. Осылайша тасқын судан зиян көргендердің мәселесі шешіледі. Қазір тұрғын үйлердің қабырғасы қаланып, шатыры жабылып жатыр. Құрылыс алаңының жетекшісі Дүйсенбек Мақышевтің айтуына қарағанда, алдын ала жасалған кесте бойынша жұмыс жүргізілмек. Құрылыс белгіленген уақытта бітеді деген сенім бар. «Бірлік бар жерде тірлік бар». Бұл – қазақтың байырғыдан келе жатқан нақылы. Ел ішінде ауыртпалыққа душар болған ағайынның мұңын жалпақ жұрт болып жұмыла көтеріп, жеңілдетуге ұмтылған халқымыздың сын сағатта осылай тізе қосуы – елдіктің белгісі емес пе?

Шернияз ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ

Госслужащие Караганды продемонстрировали высокий уровень читательской культуры в проекте «Читающая нация»

В Карагандинской области завершился финальный этап направления «Читающий государственный...

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Абай облысына іс-сапарға барды

         Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері...

Әкімшілік әділет – «Еститін мемлекет» идеясының жарқын мысалы

Түркі халықтарына ортақ ойшыл, жырау, қобызшы Қорқыт атамыздың: «Өткен...

Административная юстиция – яркий пример идеи «Слышащего государства»

2021 году правовой сфере Казахстана появился и начал функционировать...