Бір наркозбен екі операция: АККА дәрігерлері ана мен сәбидің денсаулығын сақтап қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы дәрігерлері жүктіліктің 38-аптасында жатқан пациентке күрделі симультанды операция жасады — бір хирургиялық араласу барысында босандырып, сонымен қатар тамырлы ісікті алып тастады.

Пациент «жүктілік 38 апта» және «мұрын кіреберісінің гемангиомасы» диагнозымен түсті. Аталған түзіліс босану кезінде қан кету қаупін тудыратындықтан, жағдай аса мұқият әрі қауіпсіз шешімді талап етті.

Акушер-гинекологтар, анестезиологтар және ЛОР-дәрігерлердің қатысуымен өткен мультидисциплинарлық консилиум нәтижесінде кесар тілігін жасап, гемангиоманы бір мезгілде алып тастау туралы шешім қабылданды. Бұл тактика пациентті қайта операция жасау қажеттілігінен сақтап, ықтимал асқынулардың алдын алуға мүмкіндік берді.

Алдымен акушер-гинекологтар кесар тілігін сәтті жүргізіп, дүниеге дені сау сәби келді. Одан кейін ЛОР дәрігерлері қан жоғалтпаудың алдын алу шараларын сақтай отырып, тамырлы түзілісті алып тастады.

Дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында екі операция да сәтті өтті. Ана мен сәбидің жағдайы тұрақты, операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтті.

Мамандар мұндай клиникалық жағдайлар жоғары кәсіби дайындық пен нақты үйлестіруді талап ететінін атап өтті. Аталған операция заманауи медицинаның мүмкіндігін және командалық жұмыстың тиімділігін көрсетті.

Армрестлингтен Әлем чемпионы атанған полицей оқушыларға шеберлік сабағын өткізді

Әлемдік спорт аренасында Қазақстанның абыройын асқақтатқан тәртіп сақшылары жас...

Исчезнувшая семья: следствие нашло ответ

РЕЗОНАНСНОЕ ДЕЛО В АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ ПОЛУЧИЛО РАЗВЯЗКУ. ТРАГЕДИЯ, НАЧАВШАЯСЯ...

Референдум күні әр екі сағат сайын дауыс беру барысы туралы ақпарат беріліп отырады

Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге дайындық жұмыстарын...

Тұғыры биік туған тіл

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани тірегі. Әр халықтың...

Электронды сот отырысын ұйымдастыру – сот жүйесіндегі тиімді жаңашылдық

       Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың дамуы қоғам өмірінің барлық саласына...