Бір күнде жоғалған бірнеше мал иелеріне қайтарылды

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, жайылымға жіберген 8 бас жылқысы белгісіз жағдайда жоғалған. Яғни таңертеңгісін Ақсукент ауылының егістік алқабына шығарған жылқылары, қалаға барып келгенінде жоқ болған. Полицейлер ақпарат алысымен бірден әрекет етіп, тұрғынның малдарын табуға кірісті. Оқиға орнын қарап, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. 
Жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторлары жол талғамайтын 2 көлікпен мұқият айналаны қарап шықты. Сондай-ақ егістік алқабының әрбір аймағын жаяу, батпақ кешіп  тыңғылықты тексерді. Нәтижесінде  3 сағат ішінде 10 шақырым қашықтықта жайылып жүрген 8 бас жылқы табылып, өз иесіне қайтарылды.                                               
Өз кезегінде тұрғын полицейлердің жедел әрекетіне тәнті болып, шынайы алғысын білдірді.                              
               Мұндай жағдай, Мақтаарал ауданында да орын алды. Нақтырақ айтсақ, Мақтаарал АПБ-нің 102 сымтетігіне жергілікті тұрғын арызданып, өз үйінің ауласында орналасқан мал қорасынан 1 бас сиыры  мен бұзауы белгісіз жағдайда шығып кетіп, жоғалғанын хабарлады. 
Мақтааралдық учаскелік полиция инспекторлары аталған хабарлама бойынша тиісті жұмыстарды атқарды. Оқиға орнын мұқият қарап, шұғыл іздестіру шараларына кірісті. Нәтижесінде егістік алқаптан  тұрғынның 2 бас малы жайылып жүргенін анықтап, үй жануарларын иесіне табыстады. 
Осы тұста мақтааралдық тұрғын жоғалған малдарын тауып беріп, аман-сау қайтарған полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі. 
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және малдарын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Мал ұрланған немесе жоғалған жағдайда, өз бетінше іздеуге уақыт жоғалтпай, дереу полицияға хабарласыңыздар.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСӘЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...

Устранить коллизии в законодательстве

Бизнес-омбудсмен выступил с предложением об уточнении понятий: «преступная» и...

В ловушке «легких» денег

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОБЕСПОКОЕНЫ ВОВЛЕЧЕНИЕМ МОЛОДЕЖИ В НАРКОПРЕСТУПЛЕНИЯ И ДРОППЕРСТВО....