12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Бір ел – бір кітап»: темір тордағы тағылымды кеш

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 79 мекемесінде «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтың шығармашылығына арналған кеш ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – сотталған азаматтарды кітап оқуға ынталандыру, ұлттық әдеби мұрамен таныстырып, рухани тәрбие беру. Кеш барысында жазушылардың өмір жолы мен әдеби мұрасы таныстырылып, көркем шығармаларынан үзінділер оқылды. Сотталғандар өздері сүйіп оқыған ақын-жазушылардың өлеңдерін жатқа айтып, әдеби көріністер қойды.
Кеш соңында мекеме кітапханасына 50 дана көркем әдебиет сыйға тартылып, белсенділік танытқан сотталғандарға естелік сыйлықтар табысталды.
Осындай мәдени іс-шаралар сотталған азаматтардың рухани әлемін байытып, оң өзгерістерге бастайды.

Қылмыстық істегі медиация

Республикамыздың Медиация туралы заңы халқымыздың дау шешуде ұмытыла бастаған бітімгершілік жолын қайта жаңғыртты. Аталған заңның жұмыс...

Қойбағаровқа неге күштеп психиатриялық сараптама жасамақ болды?

Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық...

Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие...

Алматы қаласында Еріктілер кеңесінің мүшелері марапатталды

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің...

Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 жарлығымен...