«Білім күнін» Ақтөбедегі түзеу мекемесі де атап өтті

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты КА- 168\2 түзеу мекемесі жанындағы кешкі (ауысымдағы) жалпы білім беретін мектепте 1 қыркүйек Білім күніне арналған «Терең білім, еңбекқорлық және Отаншылдық қасиет» тақырыбында салтанатты жиын өтті.

Аталған іс-шараға мектеп ұстаздары мен кешкі мектепте білім алушы сотталғандар, мекеме қызметкерлері және жасақ бастықтары қатысты. Іс- шараны құттықтау сөзімен ашқан мектеп директоры Шамшат Жубай ашып, білім алушыларға көздеген мақсат-мұраттарына қол жеткізіп, жанұяларына аман оралуларына тілек білдіріп, жаңа оқу жылына шығармашылық табыстар мен сәттілік тер тіледі.

Келесі сөз алған КА- 168/2 түзеу мекемесінің әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмыс жөніндегі бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Сәндібек Дюзембаев, білім алушыларды 2022-2023 жаңа оқу жылымен құттықтап, кешкі мектеп қабырғасында алған білімдері жазасын өтеп шыққаннан кейін одан әрі білімдерін толықтырып, мамандық алуларына мүмкіндіктер сыйлайтынын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару кодексінің 127 – бабында көрсетілгендей, негізгі және орта білімі жоқ 30 жасқа толмаған сотталғандар түзеу мекемелерінде міндетті түрде білім алуы тиіс. Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты КА- 168\2 түзеу мекемесі жанындағы жалпы білім беретін кешкі мектепке 2022-2023 оқу жылында ниет білдірген 60 оқушы- сотталған 9-11 кластар бойынша білім алуға қабылданды.

Білім күніне арналған салтанатты іс- шара барысында кешкі мектепте білім алушы жазасын өтеушілер өз өнерлерін ортаға салды.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём пожилых людей

В честь Дня пожилых людей сотрудники женской колонии УИС...

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...