12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

БІЛІМ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН КӨПІР. АЛ СОЛ КӨПІРДІ ТҰРҒЫЗАТЫНДАР – КІТАПХАНАШЫЛАР

Кітапханашы – бұл тек кітаптарды сөреге тізіп қоятын маман ғана емес. Бұл – ақпарат әлемінің көшбасшысы, оқырманның серігі, білімге бастар жолдың бағыттаушысы. Қоғам дамыған сайын, кітапханашының да рөлі күрделеніп, жаңа сипатқа ие болуда. Қазіргі таңда бұл мамандық – зияткерлік әлеуеті жоғары, шығармашыл әрі цифрлық сауаты кемел жандардың кәсіби алаңына айналып отыр.

Бұрындары кітапханашы бейнесі көбіне үнсіз, тұйық әрі тек кітап қорымен ғана жұмыс істейтін қызметкер ретінде қабылданатын. Ал бүгінде бұл маман – ақпараттық технологияларды еркін меңгерген, мәліметті сұрыптап, оны оқырман сұранысына сай ұсынатын кәсіби медиатор. Ол – кітапхананы тек кітап қоры ғана емес, мәдениет пен ғылым ордасы ретінде дамытуға күш салатын тұлға.

Бүгінде кітапханашы – ақпараттық технологияларды еркін меңгерген, цифрлық ресурстарды басқаруға қабілетті, электрондық жүйелерді жетік білетін маман. Ол – дәстүрлі кітапхананы заманауи ақпараттық кеңістікке айналдыратын жаңашыл тұлға. Мұндай биік талаптарға сай болу үшін терең білім мен кәсіби дайындық қажет. Осы бағытта еліміздің жетекші оқу орны – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті озық үлгі көрсетіп келеді.

Кітапханалық ақпараттық жүйелер саласында сапалы білім алғысы келетін талапкерлер үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде толық білім беру бағдарламалары ұсынылған. Бұл мамандық бойынша:

  • Бакалавриат – кітапхана ісінің негіздерін, ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу, заманауи ІТ-жүйелерді меңгеру,
  • Магистратура – ғылыми-талдамалық ойлау, ақпараттық жобаларды басқару, цифрлық трансформация бойынша терең білім беру,
  • PhD докторантура – кітапханатану мен ақпараттық ғылым бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіп, саладағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған дайындық жүргізіледі.

Университет қабырғасында студенттер тек теориялық білім ғана алып қоймай, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу, ғылыми жобаларға қатысу, халықаралық тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, университет түлектері отандық және шетелдік ірі кітапханаларда, архивтерде, ғылыми-зерттеу орталықтарында, IT-компаниялар мен мемлекеттік мекемелерде табысты еңбек етуде.

Егер сіз қоғамға пайда әкелетін, үнемі даму мен жаңаруға жетелейтін, ғылым мен мәдениеттің тоғысындағы мамандықты іздеп жүрсеңіз – Кітапханалық ақпараттық жүйелермамандығы сізге арналған!

Бұл сала – цифрлы дәуірде де маңызын жоймай, керісінше күннен-күнге құндылығы артып келе жатқан бағыт. Қоғамның ақпараттық сауаттылығын арттыруға, ұлттық мұраларды сақтауға, жаңа буынға білім дәнін себуге үлес қосқыңыз келсе – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түсіңіз!

Бүгінгі жастар үшін кітапханашы болу – тек кәсіби таңдау ғана емес, бұл – миссия. Бұл – ұлттың зияткерлік дамуына үлес қосу, болашақ ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру, рухани құндылықтарды сақтау жолындағы қызмет. Сонымен қатар, бұл сала – үнемі даму мен ізденісті қажет ететін, шығармашылыққа кең мүмкіндік беретін мамандық.

Кітапханашы – уақытпен үндескен, қоғаммен бірге дамыған, білімі мен парасаты үйлескен мамандық. Бұл мамандықтың қадірі артқанда ғана, ұлттың рухани әлеуеті нығаяды. Сондықтан да, кітапханашы болу – мәртебе, ал осы мамандықты таңдаған жан – қоғам үшін баға жетпес тұлға.

Емберген Сәния Молдабайқызы (Алматы, Қазақстан)

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

7М03206-Кітапханалық ақпараттық жүйелер мамандығы

2 курс магистранты

Эл.почта: saniya.yembergen@gmail.com

Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Сабденова Г.Е.

СҚО-да «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «EcoLife: жастардың таңдауы» атты экологиялық интерактиві өтті

Петропавлда Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында белсенді...

Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай ауқымды тегін құқықтық көмек акциялары өтті

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай, еліміздің барлық өңірлерінде...

В Казахстане провели масштабные акции бесплатной юридической помощи в честь 30-летия Конституции

В преддверии 30-летия Конституции Республики Казахстан, во всех регионах...

Безопасность на дорогах

С НАЧАЛА 2025 ГОДА В ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОВОДИТСЯ АКТИВНАЯ...

Искусственный интеллект в быту

РАЗВИТИЕ ТЕХНОЛОГИЙ И ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА ДЕЛАЕТ НАШУ ЖИЗНЬ БОЛЕЕ...