Биліктің бір тармағы –сот

Мемлекетті мемлекет ететін заң десек, сол заңның мүлтіксіз орындалуын қадағалап, әділдік принциптерін жүзеге асыратын орган — сот жүйесі.

Сот жүйесі- бұл мемлекеттік биліктің негізгі тармақтарының бірі болып табылады.

Тәуелсіздік алғаннан соң еліміздің сот жүйесінде тың реформалар жүргізіліп, оның тиімділігін арттыруға бағытталған түбегейлі шаралар жүзеге асырыла бастады. Әсіресе, қоғам мен азаматтардың арасындағы құқықтық қарым-қатынастың реттілігін әлемдік талаптармен байланыстыру қажеттігі туындады.

Сот жүйесін одан әрі дамыту дербес, тәуелсіз сот құру – жүргізіліп отырған сот реформасының басты мұраты. Судьяның құқықтық жағдайы  Қазақстан Республикасының Конституциясында мен «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңы және өзге де заңдармен айқындалған.

Сот билігі біртұтас мемлекеттік биліктің өз алдына дербес тармағы болып табылады. Адам тағдыры таразыда тұратын сот төрелігін жүзеге асыру кезінде судьялар да тәуелсіз және тек Конституция мен заңға бағынады.

Сот —  мемлекеттің биліктің бір тармағы болғандықтан  Президент  бұл органға сеніммен қарап  2022 жылдан бастап 24 маусым «Судья және сот қызметкері» күні аталып өтіледі. Атаулы кәсіби мерекенің бекітілуі-сот саласында қызмет етушілер үшін үлкен мәртебе.

Ендеше, қоғамдық теңдікті, азаматтар құқығын қорғауда елеулі үлесі бар судьялар мен сот қызметкерлерінің мерекесі құтты болсын!

Алтынай Дуйсенова,

Қызылорда қалалық сотының жетекші маманы

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...