12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

БІЛІКТІ СУДЬЯЛАРДАН ҮЙРЕНЕРІМІЗ КӨП

Сот қызметіндегі тәуелсіздік пен ашықтық аса маңызды. Ал сот беделі судьялардың біліктілігімен қоса, әдептілік принциптерін қатаң ұстануына тікелей байланысты. Осы ретте Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Берік МАКИШЕВТІ әңгімеге тартқан едік.

– Әрбір сот маманы болашақта судья болуды армандайды. Себебі судья – заңгерлік мамандықтың ең биік шыңы. Ал судья болуды мақсат еткендіктен, сот саласындағы өзгерістер мен жаңашылдықтарды үнемі назарымызда ұстап, заңдар мен кодекстерді үнемі парақтап отырамыз. Бұл жолда біздің білікті судьялардан үйренеріміз өте көп. Судьялардың білмегенімізді үйретіп, түсінбегенімізді жанжақты таныстырудағы еңбегі орасан. Бүгінде сот судьялары өзінің кәсіби лауазымдық міндеттерін орындау кезінде бірнеше заңнамалық кодекстер мен нормаларды басшылыққа алады. Мәселен, Судья әдебі кодексі судьялардың кәсіби қызметі мен тұрмыстағы мінез-құлқы үшін моральдық жауапкершілігін арттыруда үлкен рөл атқарады. Судьялардың сот процестерін жүргізу кезіндегі әдеп пен тәртіп ережелерін сақтауына негізделген бұл кодекс аса маңызды құжаттың бірі болып табылады. Аталған кодекс Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде қабылданған еді. Бұл құжатта судьялардың басты міндеттері және қызметтен тыс кездегі мінез-құлқын реттейтін нормалар мен стандарттар регламенттелген. Кодекс талаптарынан ауытқығандарға шектеулер мен жауапкершілік шаралары белгіленген. Сот төрелігін іске асыру кезінде мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігі жоққа шығарылған. Судьялардың әдеп ережелерін сақтауы және сот процестері мен олардың арасындағы уақыттарда қызметтік этикалық нормаларды орындауы тұрғысында кодекс ережесі нормаларына ерекше назар аударылған. Осы кодекстегі талаптардың өзі судья болудың оңай еместігін, мұндай қызметке үлкен дайындықпен келу керектігін ұқтырғандай.

– Расында, қателесуге болмайтын мамандықтың бірі судья болса, екіншісі – дәрігер. Адам тағдырымен байланысты болған соң, судьяларға қатысты талаптың жоғары болғаны да дұрыс шығар. Дегенмен төрелік алаңында ғана емес, сот залынан тыс кездегі әрекеті де сын тезіне ұшырайтын судьялық қызмет несімен қызықтырды?

– Алдымызда жол көрсетіп жүрген судья аға-апаларымыздың өз қызметіне адалдығын көріп, халықтың ризашылығын байқаған соң, біздің де осы мәртебелі мамандыққа деген қызығушылығымыз жоғары. Әрине, қазыларға қойылатын талап еш төмендеген емес. Мысалы, Судья әдебі кодексі судьялардың кәсіби қызметін адал, Конституция мен заңдарды мүлтіксіз орындау, сатылмаушылық, әділеттілік, бедел-абырой, адамгершілік пен мораль нормаларын сақтау арқылы қызметті мүлтіксіз жүзеге асыруын көздейді. Судья сот төрелігін кәсіби түрде орындап қана қоймай, сот процесін жүргізу, процеске қатысушылармен қарым-қатынас жасау мәдениетін сақтау, кез келген жағдайда әдептілік қағидаларын басшылыққа алып өз міндеттерін кәсіби шеберлікпен атқару қажеттігін ұғынуы тиіс. Аталған Әдеп кодексінде сот билігінің беделіне, судьялардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу үшін бірқатар шектеу шаралары да енгізілгенін атап өткен жөн. Тек осылайша ғана азаматтар мен тараптар өз құқықтары мен мүдделерін қорғауда судьяларға сеніп тапсырылған азаматтар сот қорғауының бейтараптығына қажетті кепілдіктерге ие болады. Сот төрелігін шығаруда да жоғарыда аталған құжат нормаларын сақтауға ерекше назар аударылған.

– Қылмыстық істерді қараудың жауаптылығы орасан зор. Кейде тараптардың мән-жайға қанықпай жатып эмоциямен түрлі әрекет жасайтыны, судьяға қарсы шығатыны белгілі. Осындай кездері судьяларға да, сот отырысының дұрыс өтуі мен қауіпсіздігін бақылап отырған кеңсе мамандарына да оңай тимейтін болар?

– Кез келген сот процестерінде немесе сотқа дейінгі кезеңдерде этикалық әдеп нормаларын басшылыққа алмай, сот істерін жүзеге асыру мүмкін емес. Қандай да бір даулы істерді зерттеу және сот процестерін ұйымдастыру, өткізу кезінде оқыс жағдайлар туындаған, яғни түрлі шиеленісті жағдайлар асқынған кезде, судьялар Әдеп кодексіне сүйенеді әрі ондағы талаптарды басшылыққа алады. Иә, тараптардың сот барысында дауыс көтеруі, қарсы жақтың сөзін бөлуі, кедергі келтіруі қалыпты жағдай. Бірақ білікті судьялар мұндай тосын әрекеттерге ешқашан жол бермейді. Тараптарды теңдей ұстап, сот процесінің ортақ тәртіпке сай өтуіне жағдай жасайды. Судьяға көңіл-күйдің жетегінде кетуге болмайды. Ол ішкі тебіренісін, толқынысын сыртқа білдірмеуі керек. Тіпті судьяның дауыс ырғағындағы өзгерісті тараптар жіті бақылап, кемшілік байқаса, бірден сынға алып жатады. Осы ретте қандай ауыр қылмыстық істі қараса да, байыпты, парасатты мінезінен танбаған, өзінің білім, білігімен, кісілік келбетімен тараптарды ұйытып, шеңберден шықпауына ықпал еткен судьялардан үйренеріміз өте көп. Біз соттағы осындай білікті судьяларды өзімізге үлгі-өнеге тұтамыз.

– Әңгімеңізге рақмет! Істеріңізге сәттілік тілейміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ – АБЫРОЙЛЫ ІС

Тәуелсіздіктен бері қарай сот саласы үлкен өзгерістер мен жаңашылдықтарды...

ӘДІЛЕТ ОРГАНЫНЫҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫ АУҚЫМДЫ

Жақында Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және...

КӘСІБІ ҚАРЫШТАҒАН КӘСІПОРЫН

Айтқалы отырғанымыз – қазіргі Ақмола өңіріндегі серіктестіктің құрылу тарихы...

«Азаптау жағдайларын тиімді тергеуді қамтамасыз ету»

2024 жылғы 27 маусымда ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары...

«Обеспечение эффективного расследования случаев пыток»

27 июня 2024 года Комиссия по правам человека при...