12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

БІЛІКТІ МАМАН ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Еліміз тәуелсіздігін алған жылдары мемлекеттік оқу орындарымен бірге мемлекеттік емес оқу орындарына мамандар дайындауға заңды түрде мүмкіндік берілді. Осы орайда «Қайнар» академиясы колледжі 1999 жылы ашылса, Алматы экономикалық-құқықтық және педагогикалық колледжінің іргетасы 2013 жылы қаланып, елімізге қажетті кәсіп иелерін дайындау ісіне кіріскен еді. Міне, содан бері колледждерде оқу-тәрбие жұмыстары талапқа сай ұйымдастырылып, мамандықтарына сай терең теориялық білім беріліп және ол білім дағдыларын практикада қолдана алатындығын көрсетіп келеді.

Қазіргі таңда «Қайнар» академиясы колледжі 4 мамандық бойынша мамандар даярлауда. Олар: «Бастауыш білім беру», «Есеп және аудит», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Құқықтану».
Ал Алматы экономикалық-құқықтық және педагогикалық колледжі: «Бастауыш білім беру», «Аударма ісі», «Туризм», «Менеджмент», «Менеджер», «Кеңесші-заңгер», «Бастауыш сынып мұғалімі», «Халықты әлеуметтік түрде қорғау бойынша маманы», «Құқықтану», «Қаржы», «Қаржылық жұмыс жөніндегі экономист», «Техник-программист», «Экономист-бухгалтер», «Есеп және аудит», «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша мамандарды даярлап келеді.

Жастарды оқытып тәрбиелеуде ұзақ жыл еңбек етіп жүрген тәжірибелі ұстаздар мен талапты, ізденгіш жас
оқытушылар қоян-қолтық қызмет етеді. Ғылыми атағы бар ғалымдар да, ұзақ жыл өнімді еңбек етіп жүрген ұстаздар да, талапты жас оқытушылар да өздеріне артылған ауыр да жауапты іске адал қызмет етуге тырысады. Оқу орнымызда жыл сайын студенттерді кәсіби жағынан дамыту жолын көздеген ғылыми практикалық конференциялар, семинарлар ұйымдастырылады. Білім алушылар келісімшарт негізінде кәсіпорындарда, түрлі мекемелерде, мектептерде практикада болып, тәжірибе жинайды. Колледж қабырғасында алған теориялық білімдерін практикада қолданып, кәсіби шеберліктерін шыңдайды.

Түлектердің жыл сайын 90%-дан астамы жұмысқа орналасады. Қазіргі таңда колледждер онлайн форматта өз қызметін атқаруда. Елбасының «Білім экономикасы» саясатын үлгі етіп, дамыған озық технологиялар
мен инновациялық әдістерді қолдана отырып студенттерге жаңаша білім беруде. Бүгінде мұнда мыңнан аса студент білім алуда. Сондай-ақ, студенттер арасында онлайн форматтағы байқаулар да жиі ұйымдастырылып тұрады. Нақтырақ тоқтала кетсек, ақпан айында студенттер арасында ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай онлайн поэзиялық адалдық сағаты, колледж студенттері арасында коронавирус індеті туралы өздігінен ақпараттандырып, сақтық жолдарын бейнелеу арқылы насихат етуді көздеген «Сақ бол: коронавирус!» қабырға газеті сайысы, Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған
«Алғыс сағаты» және тағы басқа мәдени және тәрбиелік маңызы зор шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, студенттер арасында тәртіп пен білімді қатар меңгеру мақсатын көздейтін «Көшбасшылар клубы», «Пікірталас клубы», «Рухани байлық: психологиялық тренинг клубы», «Шахмат клубы» ұйымдастырылып, өз жұмысын атқарып келеді. Ал колледж білім сапасын арттыру мақсатында оқытушылар ұйымымен құрылған D.I.Q. (Development – даму; Innovation – инновация; Quality – Білім сапасы) жобасы негізінде жұмыс жүргізілуде. Бұл білім жобасының мақсаты – студенттер арасында жаңаша ойлау, тұлғалық, біліммен қатар жан-жақты заманауи дағдыларды қалыптастыру. Сонымен қатар, студенттердің бойындағы негізгі сөйлеу дағдылары, яғни тыңдалым, пікір алмасу, жазылым және визуалды көріністерді дамыту негізгі ұстаным
болып табылады.

Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш. Сондықтан «Қайнар» академиясы колледжі
мен Алматы экономикалық-құқықтық және педагогикалық колледжінің түлектері өздері таңдаған білім саласында көшбасшы болуға және ел мен қоғамға пайда әкелуге ұмтылады.

Нұрлан АПАХАЕВ,
«Қайнар» академиясы
колледжі және Алматы
экономикалық-құқықтық және
педагогикалық колледжінің
директоры

ҚазҰУ-дың еліміздегі  білім мен ғылымды дамытудағы рөлі

   әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті -Қазақстандағы жетекші жоғары...

Қара шаңырақ ҚазҰУ-ға 90 жыл!

  Қазақ ұлттық университеті (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)- Қазақстанның білім...

Народный трибун, ученый, наставник

Вот уже пять лет нет с нами нашего наставника...

Сапалы білім-қоғам дамуының негізі

Сапалы білім – бүгінгі күннің ең өзекті тақырыптарының бірі....

Ориентир для развития

В ежегодном Послании народу Казахстана Глава государства говорил о...