«Бес жыл суын ауыстырмаған»: Ақтөбеде балалар уланған бассейнге қатысты тың дерек шықты

Ақтөбенің ең үлкен бассейнінде бес жыл бойы су ауыстырылмаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Спорт кешені басшылығының айтуынша, бассейннің суын ауыстыру тым қымбат. Сол себепті жай ғана хлорлап келген.

Айта кетейік, Ақтөбе бассейнін тексеру туралы мәселе қарашаның басында көтерілген болатын. Ата-аналар бассейнге келген балаларда суда хлордың тым көп болуына байланысты аллергиялық бөртпе, жөтел пайда бола бастады деп шағымданған.

Сондай-ақ, жазда дәл осы «Достық» спорт кешенінде жарыс кезінде 12 қатысушы ауырып, ауруханаға жеткізілген. Оларда реактивті затпен уланған деген болжам болған.

Телеарна мәліметінше, енді басшылық үнемдеу мақсатында бес жыл бойы бассейн суын ауыстырмағаны белгілі болған.

«Су соңғы рет 2017 жылы ауыстырылды, су ауыстыру — өте қымбат процесс. Сүзгілер жақсы жұмыс істейді. Бірақ біз қазір сүзгілерді де тексеріп жатырмыз. Ал су ауыстыру 7 миллион теңге тұрады», — дейді Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Әділбек Дильжанов.

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...