Берденовке жасалған шабуыл: прокурор айыпталушыға қанша жыл беруді сұрады?

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық туралы іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Cот отырысында прокурор Бауыржан Қараманов Ернар Жиембайды 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Прокурор істе жазаны жеңілдететін де, ауырлататын да жағдайлар бар екенін мәлімдеді. Жеңілдететін фактор ретінде ол айыпталушының кәмелетке толмаған балалары бар екенін және ауырлататын жағдай ретінде қылмыстың мас күйде жасалғанын айтты.

Берденовке жасалған шабуыл

Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды.

Кейінірек күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мамырда Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов шабуылдан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады. 

Берденов туралы не белгілі?

Ол 1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2006 жылы менеджмент мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2009 жылы КИМЭП университетін Іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесімен бітірді.

  • Еңбек жолын 2005 жылы «Алматы құс» ААҚ («Сеймар» тобы) компаниясының бөлшек сауда директоры қызметінен бастады.
  • 2007 жылғы ақпан — 2010 жылғы шілде — Procter & Gamble компаниясының бас логистикалық үйлестірушісі.
  • 2010 жылғы шілде — 2012 жылғы қараша — Eastcomtrans ЖШС жылжымалы құрамды жалдау бөлімінің бастығы.
  • 2012 жылғы қараша — 2018 жылғы мамыр — «Ақ ниет» ЖШС бас директоры.
  • 2018 жылғы қараша — 2019 жылғы сәуір — «Ақ ниет» ЖШС байқау кеңесінің мүшесі.
  • 2019 жылғы сәуір — 2023 жылғы наурыз — Aq niet Group байқау кеңесі төрағасының орынбасары.
  • 2023 жылғы 29 наурыздан бастап Respublica партиясының партиялық тізімі бойынша VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.
  • Биыл Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.