Бензиннің қымбаттауына байланысты такси бағасы көтеріле ме?

Қазақстанда жанар-жағармай бағасын мемлекеттік реттеу ресми түрде жойылды. Осыған байланысты такси қызметінің бағасы қымбаттай ма? Бұл сұраққа көлік министрі Марат Қарабаев Үкіметтегі брифингте жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, такси қызметінің бағасын мемлекет емес, нарықтық сұраныс пен ұсыныс анықтайды.

Жанармай – негізгі шығындардың бірі болғанымен, ол алдымен нарыққа түседі, содан кейін таксопарктер мен жүргізушілер бағаны нарықтық жағдайға қарай өздері белгілейді.

Сонымен қатар, министр такси қызметінің өзін-өзі реттейтін ұйымдары туралы жоспарларды түсіндірді. Оның айтуынша, бұл ұйымдарға тек заңды тұлғалар ғана мүше болуға міндеттеледі. Аталған заң жобасы бұған дейін депутаттар мен агрегатор өкілдерінің сынына ұшыраған болатын.

«Басты мақсат – қазақстандық тасымалдаушылардың құқықтарын қорғау. Біз осы өзгерістерді енгізу арқылы жүргізушілердің агрегаторлармен келіссөз жүргізіп, 1 шақырым жолдың құнын және сервистік қызметке төленетін пайызды бірге анықтауына мүмкіндік бермекпіз.

Өзін-өзі реттейтін ұйымдарға тек заңды тұлғалар кіреді. Қазақстанда 2000-ға жуық компания мен 10 000-нан астам такси көлігі бар. Біз бұл жүйені Мәжіліспен бірлесе пысықтап жатырмыз. Алдымен пилоттық режимде бірнеше аймақта сынақтан өткізбекпіз», – деп түсіндірді министр.

Алматы жолдарына жасырын патрульдер шықты

Алматы қаласында "STOP бұзушылық" тақырыбында ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолдарда жасырын патрульдеу форматы енгізілді.

ЖИ жүргізушілерді қалай бақылайды: Қазақстан жолдарында не өзгеруде? 

Қазақстанның республикалық маңызы бар жолдарында жасанды интеллектіні қолдана отырып, интеллектуалды көлік шешімдерін жүйелі түрде енгізу жалғасуда.

Декреттегі аналар жұмыссыз ретінде төлем ала ала ма? – Ресми жауап 

Қазақстанда жұмысынан айырылғандарға мемлекет төлем береді.

ЕО-да жанармай бағасы қымбаттады: 5 ел энергетикалық компанияларға салық енгізуді ұсынды 

Италия, Германия, Испания, Португалия және Австрия Еуроодақтан энергетикалық компаниялардың артық пайдасына салық енгізуді сұрады.

Иранда 30-дан астам университетке соққы жасалды 

28 ақпаннан бері АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққылары басталғалы елде 30-дан астам университет шабуылға ұшырап, салдарынан 60 студент қаза тапты.