Белсенді зейнеткерлер ҚАЖ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкері күні қарсаңында Семей қаласының белсенді зейнеткерлері ҚАЖ қызметкерлеріне арнап жүрекжарды бейнеқұттықтау дайындады. Өз сөздерінде олар мамандыққа адалдық, қызметке жауапкершілікпен қарау, ардагерлерге көрсетілетін құрмет пен қолдау, сондай-ақ аға буын қалыптастырған дәстүрлердің сақталуы үшін шынайы алғыс білдірді.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы бүгінде 500-ден астам зейнеткерді біріктіреді. Мұнда түрлі қызметтер мен сабақтар ұсынылады: емдік дене шынықтыру, скандинавтық жүріс, би, вокал, психологпен жұмыс, еңбек терапиясы және актерлік шеберлік үйірмесі.

Абай облысы бойынша ҚАЖД-інің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің қызметкерлері орталыққа келушілерге үнемі назар білдіріп келеді. Олар концерттер, шығармашылық кездесулер, арт-кештер ұйымдастырады, өз қолдарымен жасаған ашықхаттар мен картиналар сыйлайды. Мұндай іс-шаралар қамқорлық пен жан жылулығын сездіреді, буындар арасындағы байланысты нығайтады, ардагерлерге өмірлік және кәсіби тәжірибесімен бөлісуге, ал жас қызметкерлерге — қызметтің құндылықтары мен қағидаттарын үйренуге мүмкіндік береді.
Біздің қамқорымыздағы адамдар үшін бұл жай ғана кездесулер емес, бұл – шынайы көңіл бөлу мен қолдау. ҚАЖ қызметкерлерінің әрбір сапары зейнеткерлерге жағымды эмоциялар, өз қажеттілігін сезіну және олардың еңбек жолы мен өмірлік тәжірибесінің әлі де жоғары бағаланатынына сенімділік сыйлайды, — деді Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының меңгерушісі Меруерт Омарова.

Біз үшін аға буын қалыптастырған дәстүрлерді сақтау және дамыту – үлкен құрмет. Ардагерлерді қолдау – бізге қызметке адал болып, міндеттерімізді абыроймен орындауға көмектесетін маңызды рухани бағдар, — деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов.

Зейнеткерлердің жылы лебіздері әрдайым қылмыстық-атқару жүйесінің негізін құрап келе жатқан құрмет, бірлік және сабақтастықтың белгісіне айналды.

Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаттары айқын

Азаматтар өзінің заңды құқығын біліп, өз мүддесін қорғауға қабілетті...

Татуластыру тетігін таңдау тараптардың еркінде

Азаматтық сот ісі заңдылыққа сүйене отырып дауларды әділ шешуді,...

Жасанды интеллект сот жұмысына серпін береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды цифрландыру және жасанды...

Ерекше іс жүргізудің тиімділігі неде?

Елімізде жүргізіліп жатқан сот реформаларының басты мақсаты – азаматтардың...

Ашық сот процесі халық сенімін нығайтады

Сот жұмысы ашық, қолжетімді болған сайын азаматтардың сотқа деген...