«Беларусьте емес». Зеленский Ресеймен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді

Ресей делегациясы Украинамен келіссөз жүргізу үшін Беларуське келді. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Келісімге сәйкес, құрамында Сыртқы істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі және басқа да ведомстволардың, соның ішінде Президент әкімшілігі өкілдері бар ресейлік делегация Украинамен келіссөз жүргізу үшін Беларуське келді. Біз бұл келіссөздерді Гомельде жүргізуге дайынбыз», — деді Песков журналистерге.

«Ресей тарапы Гомельдегі келіссөздерге дайын, енді украиндарды күтіп отырмыз», — деді Песков.

Украина президенті Владимир Зеленский өз кезегінде Беларусь халқына видеоүндеу жасады. Ол Ресеймен келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді, бірақ Беларусьте емес.

«Варшава, Ыстамбұл, Баку. Келіссөздер жүргізу үшін Ресейге осы қалаларды ұсындық немесе Украинаға зымыран ұшпайтын кез келген басқа қалада», — деді Украина президенті.

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...