Бейжің-2022: Юлия Галышева Бейжің Олимпиадасында  жүлдесіз қалды

Бейжің Олимпиадасында фристайл-могулдан әйелдер арасындағы бәсекеде Ұлттық құраманың көш басшысы Юлия Галышева жүлдесіз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған сынға Олимпиада ойындарын екінші іріктеуден бастаған Қазақстан командасының үздігі Юлия Галышева финалға сүрінбей өткен болатын. Өкінішке қарай, финалдық кезеңнің екінші іріктеуінде ол жарыс жолында қателіктерге бой алдырып, қорытынды есепте негізгі супер финалға өтпей қалды.

Осылайша ол Бейжің Олимпиада ойындарын 49,74 ұпаймен 11-ші орынмен аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, Юлия Галышева 2018 жылғы Пхенчхан ойындарында қола жүлдегер атанған болатын.

Сонымен қатар бүгін аталған спорт түрінен екінші іріктеуде қазақстандық спортшылар төмендегідей нәтиже көрсетті:

— Олеся Граур — 18-орын

— Аяулым Әміренова — 12-орын

— Юлия Галышева — 9-орын

— Анастасия Городко — 11-орын.

Заң мен тәртіп әр тұрғынның құқығын қорғаудан басталады

Заң мен тәртіп - бұл қылмыспен күрес және жасалған...

Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы

Сот жүйесінің ашықтығы – соттардың өз қызметі туралы заңда...

Қазақ тілінің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлі

Тіл — халықтың тарихи жадын сақтаушы құрал. Қазақтың мақал-мәтелдері,...

 Комплексный подход

СНИЖЕНИЕ УРОВНЯ ПРЕСТУПНОСТИ В СТРАНЕ ЯВЛЯЕТСЯ РЕЗУЛЬТАТОМ СИСТЕМНОЙ РАБОТЫ,...