12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бейбіт келісімге ұмтылайық

          Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2025 жылдың 5 айында 41 татуласу келісімі, 3 медиация рәсім бекітіліп, шешімдерін тапты. 

     Ал салыстырмалы статистикаға келетін болсақ ағымдағы жылдың есепті кезеңіне дейін даусыз шешілген істер 44, алдыңғы салыстырмалы 2024 жылы 29 іс, яғни 15 іске көбейіп отыр.

      Сонымен қатар 202 іс тараптардың татуласқанынан кейін қараусыз қалдырылды.

      Медиация – бұл істі сотқа жеткізбей бейбіт келісімге келу, қысқа мерзімде бітіру, тараптардың еріктілігі, бір –біріне сыйластығы.

     Өзара келісіммен, кешіріммен шешілген дау адамның соттасып, күйзеліс жағдайына түспеуін алдын алып, көп уақытын үнемдеуге де мүмкіндік береді.

      Сот жүйесінде осы бағытты ұстанып, бітімгершілікпен дауды шешу аясын кеңейту мақсатта «Шақырту» жолдануда. Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2025 жылдың 5 айында  барлығы татуластыру рәсімдерін қолдануға болатын  317 талап қою қаралған, оның ішінде  246 дауды татуласу рәсімімен реттеу арқылы аяқталған, яғни татуласу рәсімдері бойынша қөрсеткіш 77,6  пайыз құрайды.

      Ал, 2024 жылғы нәтижелі жұмыстың статистикасына келетін болсақ Маңғыстау облысының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 72 татуласу келісімі, 12 медиация, 2 партисипативтік рәсім бекітіліп шешімдерін тапқан болатын.

       Барлығын таразылап, тараптардың бітімгершілік жолмен шешуге болатынын түсіндірудің өзі мағызды. Бұл жерде татуластырушы судьяның да еңбегі зор. 

       Сондықтан, «Медиация туралы» заңның қажеттілігі де, тиімділігі де, маңыздылығы қазіргі статистиканың өсуінен де көрініп отыр. 

                                Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың

                            істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот   

                                 әкімшісінің басшысы Айжамал Нұрболатқызы

Абай тойының интеллектуалды шымылдығы – «Abai akademiasy»

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар...

Мойынқұмда табиғатты сүю – тәрбие бастауына айналды

Жасыл желекке оранған табиғат — адамзаттың алтын бесігі. Ал...

ПАТРИОТИЗМ – ҰЛТ ТІРЕГІ

Бүгінгі қоғамда патриотизм ұғымы түрлі мағынада қолданылып жүр. Бірі...

Жетісуда атақты қобызшы Молықбай Байсақұлына алып ескерткіш орнатылмақ

Ақсуда атақты қобызшы Молықбай баба аруағына алып ескерткіш орнатылмақ....