spot_img
spot_img

Қасым-Жомарт Тоқаев: Сенат айрықша рөл атқарады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстан жаңа даму кезеңіне аяқ басқанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Өздеріңізге мәлім, еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Былтыр конституциялық реформаны қолға алдық. Ата Заңға аса маңызды өзгерістер енгіздік. Қараша айында Президент сайлауы өтті. Жуырда Сенат депутаттарының бір бөлігі сайланды. Сонымен қатар, менің жарлығыммен бірнеше сенатор тағайындалды. Осымен Сенаттың құрамын жаңғырту үдерісі аяқталды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, депутаттардың жартысына жуығы жаңарған. Мұнда әр аймақтың, соның ішінде жаңадан құрылған облыстардың өкілдері бар. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне арнайы квота берілді.

«Осылайша, Сенатта түрлі санаттағы қоғам өкілдері барынша қамтылды. Жалпы, бұл Палата мемлекеттік басқару саласында айрықша рөл атқарады. Оған Конституцияға сәйкес маңызды міндеттер жүктелген. Заң шығару қызметін сапалы атқару үшін барлық жағдай жасалған.

Палата өз жұмысын абыроймен атқарып келе жатыр. Сенаторлар ауқымды реформаларды жүзеге асыруға белсене атсалысты. Осы орайда, баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Жаңа депутаттар Сенаттың қызметіне тың серпін береді деп сенемін», — деді Президент.

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 25-27 наурызда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

ПОДДЕРЖАТЬ, А НЕ СОЧУВСТВОВАТЬ

Трансформацию системы социального обслуживания с целью повышения доступности специальных социальных услуг для лиц с инвалидностью предусматривает новый социальный кодекс, который будет введен в действие 1 июля этого года.

НАУРЫЗ – ЧАСТЬ КУЛЬТУРНОГО КОДА

Как известно, два года назад по поручению Президента страны была разработана концепция всенародного празднования Наурыза мейрамы, призванная обогатить содержание этого замечательного праздника.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі.

Шетелде қанша қазақстандық дауыс берді?

ҚР Сыртқы істер министрлігі шетелде дауыс берген қазақстандықтар туралы мәліметтерді жариялады.