12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

САЯСИ МӘМІЛЕ АЛАҢЫ

«Парламент» ұғымы Қазақстанда алғаш рет 1995 жылы қабылданған Конституцияда бекітілген еді. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев: «Қолданыстағы Конституцияны қабылдағаннан кейін Қазақстанда экономикалық реформаны жүргізу үшін «даңғыл жол» ашылды. Бейнелеп айтқанда, барлығын да басқарған, бірақ, ештеңені басқара алмаған Жоғарғы Кеңестің орнына осы жылдар ішінде елдің бет-бейнесін өзгерткен заңдарды қабылдаған қос палаталы кәсіби Парламент келді», – деген еді.

Алайда соңғы жылдары кейбір сарапшылар елдегі заң шығарушы биліктің бұл сатысындағы өзгерістің пайдасымен қатар зиянды тұсы да аз болмағанын айтып жүр. Президентке ықпалы жағынан ғана емес, ел арасындағы беделі жағынан Парламентті халық әлі Жоғарғы Кеңестің деңгейіне жете алмады деген пікірде. Соның нәтижесінде Парламент билік органдары мен халық арасындағы саяси мәміле алаңы бола алмай келе жатыр. Бұл 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде де айқын аңғарылды. Халық қалаулысы саналатын Парламент депутаттары сол күндері бейбіт митингтен басталған наразы халықтың алдына шығып, оның мұң-мұқтажын тыңдап, қарсылықты қантөгіске жеткізбей шешуге ешбір ықпал жасай алмады.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру 2023 жылдың еншісіне жазыла ма?

2019 жылы 19 наурызда ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз еркімен Мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтатқан соң, бұл лауазымға ие болған Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі алғашқы жолдауында: «Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес. Бұл – біздің ұстанатын басты қағидатымыз. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет». Біз бұл мақсатқа әлі де жете қойған жоқпыз. Сондықтан осы бағыттағы жұмысқа бар күш-жігерімізді салуымыз қажет. Саяси жүйенің бұл формуласы мемлекет тұрақтылығының негізі саналады. Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады» деді. Ал 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында билік өзінің жоспарын қоғамнан жасырын ұстайтын саяси дәстүрден арылуымыз керек дей келе, алдағы сайлау науқандарының кестесін жариялады. Яғни, 2022 жылы Президент сайлауы, 2023 жылы Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өткен соң Үкімет құрамы жасақталады. Соның нәтижесінде 2023 жылдың ортасында Президент, Парламент, Үкімет сияқты негізгі саяси институттардың бәрі қайта жаңғырып, жаңаратыны елге алдын ала белгілі болды. Осы арада заң шығару бастамашылығы құқығы тек Мәжiлiсте ғана жүзеге асырылатынын да атап өткен жөн шығар. Әрине, Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жанжақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет» дегенді жайдан-жай айтқан жоқ. Заң бойынша Президенттің кезекті сайлауы 2024 жылы, ал Парламент сайлауы 2025 жылы өтуге тиіс еді. Оны мерзімінен бұрын өткізуге 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы қаншалықты түрткі болғанын анықтап, талдауды болашақтың еншісіне қалдырайық. Өйткені, Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жолдауында: «Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын» деп өз мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді және қайта сайлануға тыйым салуды ұсынды.

Мәжіліс депутаттары қалай сайланады?

1995 жылы 16 қазанда қабылданған «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Конституциялық заңының 2-бабы бойынша, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзiмi – бес жыл. Ол бірінші сессия ашылған кезден басталады және келесі сайланған Парламенттің біріншi сессиясы жұмысының басталуымен аяқталады. Бұл орайда Парламент сайланымының кезектiлігі Мәжіліс сайланымының кезектілігімен айқындалады. Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланған Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады. Ал 4-бап бойынша Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 98 депутаттан тұрады. 69 депутат – біртұтас жалпыұлттық сайлау округіне сай партиялық тізімдер бойынша саяси партиялардан, 29-ы бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша жасырын дауыс беру кезінде жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде сайланады. Мәселен, Мәжіліс депутаттарының алғашқы сайлауы 1995 жылы 9 желтоқсанда өтті. Онда мажоритарлық жүйе негізінде сайланған 67 депутаттың 9-ы әйел болды. Ал жетінші сайланым 2021 жылғы 10 қаңтарда өтті. Бұл жолы сайлауға қатысқан бес партияның үшеуі Мәжіліс құрамына кірді. Ал ондағы әйелдердің саны өзгеріссіз қалды.

Парламент – қоғамның айнасы

Мемлекеттік хатшы атап отырған бұл ерекшеліктердің тоғызыншысына қатысты жұртшылық арасында «Бұған дейін олар кәсіби түрде жұмыс істемеген бе?» деген сұрақ туындары анық. Шынында да «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңның 10-бабының 2-бөлігінде Сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiн Республиканың Орталық сайлау комиссиясы; аумақтық сайлау комиссиялары; округтік сайлау комиссиялары; учаскелiк сайлау комиссиялары құрайтыны көрсетілген. Сондықтан оларды кәсіби, кәсіби емес деуге еш негіз жоқ. Өйткені, заңда аумақтың сайлау комиссиялары (13-бап) мен олардың өкілеттіктері (14-бап) туралы арнайы баптар бар. Яғни, олардың қызметі құқықтық тұрғыдан ғана емес, кәсіби тұрғыдан да жан-жақты қарастырылып, реттелген. Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару билігiн жүзеге асыратын ең жоғары өкiлдi органы саналғанымен, ол өзі қабылдаған заңдардың орындалуын қадағалаудағы өкілеттігін толық көлемде жүзеге асыра алмауда. Оны Мәжілістің жалпы отырысының стенограммаларына көз жүгіртіп, депутаттардың заң жобасын қабылдау барысындағы белсенділігінен де аңғаруға болады. Осы арада Мәжілістің жалпы отырысында белгілі бір депутаттың бастамашылығымен фракция не депуттар тобы атынан жарияланатын сауалдардың кейде қайталанатынын да атап өткен жөн шығар. Бір қызығы, депутаттар кейде жауапқа қанағаттанбағанымен, заңдағы өз өкілеттігін пайдалануға селқостық танытады. «Бәрібір осы жауапты қайта жібереді. Біз өз тарапымыздан мәселені қозғадық. Атқарушы билік органдарының оны қалай және қандай деңгейде орындайтынын біз әрдайым қадағалай алмаймыз» деген олар мәселенің бәрін жиі өзгеретін Үкіметтегі ауыс-түйіске тірейді. «Өзі басқаратын саланың жұмысындағы кемшіліктер үшін жауап беретін ешкім жоқ. Үкіметті жасақтайтын және кандидаттарды бекітетін, министрлерді тағайындайтын Президент пен Парламентте басым дауысқа ие болып отырған билік партиясының өз өкілдері. Яғни, дауыс беру кезінде бірнеше адамның қарсымын дегенінен ештеңе өзгермейді. Біз партиялық тізіммен емес, қайтадан бір мандаттық аумақтық сайлау округтері арқылы сайлауға көшпей бұл жағдай өзгере қоюы екіталай», – дейді Қазақстан ғалымдары одағының президенті, Жоғарғы Кеңестің 12-13, Мәжілістің 1-2 сайланымының депутаты Оразалы Сәбден.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Абай облысында тағы орман өртеніп жатыр

Бородулиха ауданындағы "Семей Орманы" МОТР филиалының аумағында орман жамылғысы аумағында өрт шыққан. Филиалдың мәліметтері бойынша, бұл аймақ батпақты жетуі қиын жерде орналасқан.

Алматыдағы атышулы автобус апаты: сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өліміне себеп болған автобус апатына қатысты жарыссөз жалғасып жатыр. Бүгін сотталушыға сөз берілді.

ЕГІС НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?

Биыл Ақмола облысының егіншілері былтырғы қуаңшылықтан соң тұқым қорының аздығына алаңдаған еді. Бірақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін бұл мәселе оң шешімін тапқандай.

ҚҰМАР ОЙЫНҒА ТӘУЕЛДІЛЕР 400 МЫҢҒА ЖЕТТІ

Құмар ойындары қоғамның дертіне айналды. Тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да осылай демеске шара жоқ. Медицинада лудомания патологиялық өзгеріс ретінде анықталып, ем тағайындалатын болды. Біздің елімізде бұл дерттің құрығына түскендер саны 400 мыңға жетіпті.

Жаңбыр және жел: бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 26 сәуірде Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.