12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алтын, көмір, темір және мыс кен орындары мемлекет меншігіне қайтарылды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізатының кен орындарын тексеру мәселесі жөнінде кеңес өткізді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкімет жер қойнауын пайдаланушыларға берілген келісімшарттар мен лицензияларды қайта қарау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Талдау барысында 2022 жылы уәкілетті органдар қатты пайдалы қазбалар бойынша 115 келісімшарт пен 198 лицензияны, сондай-ақ көмірсутек шикізаты бойынша 12 келісімшартты бұзды.

«Нәтижесінде, мемлекеттік қорға алтын, көмір, темір, мыс, боксит, полиметалл және т.б. кен орындары қайтарылды, олар кейіннен стратегиялық инвесторларға беру үшін аукционға шығарылады», — делінген хабарламада.

2022 жылы өткізілген аукциондардың қорытындысы бойынша бюджетке 26 млрд теңге сомасына қол қою бонусы төленді және көмірсутек шикізаты бойынша геологиялық барлауға 50 млрд теңгеден астам инвестиция мәлімделді.

«Жер қойнауын пайдалану құқығын ұсынуға арналған аукционға барлық мүдделі инвесторлар қатыса алады. Аукциондарды өткізу туралы ақпарат міндетті түрде республикалық баспа басылымдарында және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жарияланады», — делінген үкімет сайтында.

Сонымен қатар, уәкілетті органдар қаржылық міндеттемелерді бұзған жер қойнауын пайдаланушыларға айыппұл санкцияларын қолдану бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

2022 жылы мемлекет кірісіне қатты пайдалы қазбалар бойынша 331 миллион теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы өндірілді, сондай-ақ көмірсутек шикізаты саласындағы 9 келісімшарт бойынша 1,8 миллиард теңгеге берешек өтелді.

Қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде жер қойнауын пайдалану саласына, бірінші кезекте қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру үшін инвестиция ағыны ұлғаяды.

Каспий теңізіне жақын маңда жер сілкінісі болды

Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 23 сәуірде Астана уақытымен 00:09-да тіркеген.

«МАСС-МЕДИА ТУРАЛЫ» ЗАҢ: журналистердің кедергісіз жұмыс істеуіне жол аша ма?

Алдағы уақытта желілік басылымдар мен ақпараттық агенттіктер «интернет-басылым» деген бірыңғай ұғымға біріктірілетін болды. Енді осындай атау иеленген басылымдар барлық дәстүрлі БАҚ сияқты міндетті түрде есепке қойылмақ.

Биыл Қазақстанда қандай ұзақ мерзімді жол құрылыстарын аяқтау жоспарланған?

2024 жылы 3,1 мың шақырым жолдың құрылысы және қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның 1,9 мың шақырымын пайдалануға беру жоспарланған. 

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстанға 8 градусқа дейін күн суытады. Синоптиктер 23, 24 және 25 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

Қазақстанның қай аймақтарында құрғақшылық болады?

2024 жылдың мамырында негізгі егін шаруашылығы өңірлерінде ылғалдық көбіне нормаға жуық және жоғары болып күтілуде.