12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІ ҚОЛДАУСЫЗ ҚАЛМАСА ЕКЕН

Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Qazaqstan Dauiri» газетінің 30 жылдық, газет шекпенінен шыққан «Мөлдір бұлақ» республикалық балалар журналының іргесі қаланғанына 20 жыл толуына орай мерейтойлық конференция өтті.

Еліміздің тәуелсіздік алғанына бір ай өткен соң жарық көре бастаған «Zaman-Қазақстан» газеті уақыт өте «Qazaqstan Dauiri»-не айналып, осы жылдар ішінде халықтың тыныс-тіршілігін, мұң-мұқтажын үзбей жазып, көпшіліктің көзайым баспасөзіне айналды. Сондықтан аталмыш жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен БАҚ басшылары, белгілі журналистер мен жазушылар, зиялы қауым өкілдері көп жиналып, ел алдында есеп берген мерейтой иелері «Ұлт шырағы» жинағы мен «Намыс қайрағы» кітаптарының да тұсаукесерін өткізіп, жиналғандарға тегін таратты. Сондай-ақ, жиын соңы «Қазақ баспасөзі: бүгін және ертең» атты конференцияға ұласып, бүгінгі қазақ баспасөзі бетпе-бет келіп отырған мәселелер ортаға салынып, мерзімді басылымдардың басшылары атынан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа арналған ашық хат та талқыланды: «Барлық басылымдардың соңғы жылдары жазылу көрсеткіші күрт төмен түсіп кетті. Қолымыздан келген ұйымдастыру жұмыстарын істеп жатырмыз. Әсіресе 18 мың кітапханаға бір данадан жазылу жөніндегі ұсынысымыз орындалған жоқ. Сондықтан бұл хатымызды сізге тағы да жолдап отырмыз. Егер де осылай кете берсе, қазақ баспасөзінің халықпен байланысы нашарлап, өзі де қатары селкеуленіп қалған басылымдар жаппай жабылуы әбден мүмкін. Сондықтан, қадірлі Президент мырза! Қазақ баспасөзін тікелей өз қамқорлығыңызға алуыңызды өтінеміз» деп басталған ашық хатта баспасөзді қолдаудың нақты жолдары да ұсынылған. Осыған дейін де билікке жолданған хатта көтерілген мәселенің әлі күнге шешілмей келе жатқанына жиналғандар алаңдаушылық танытты.

«Баспасөзді оқымау ол надандыққа бейжайлылыққа, рухани мешеулікке, сауатсыздыққа тікелей жол салу деп білеміз. Өркениетті, дамыған мемлекеттерде мұндай теріс көзқарас мүлдем жоқ. Оларда газет, журнал оқу мәдениеті әрқашанда жоғары. Қазір ақпаратқа деген халықтың сұранысы артып отыр. Мерзімді басылымдарға қаржылай және рухани жағынан олар қамқорлық жасап отырады. Бұл мәселені шетелдердің тарих-танымын терең зерттеген сіз жақсы білесіз. Баспасөзге жазылу науқаны алдында қайтадан өзіңізге хат жазуға мәжбүр болып отырмыз. Бұл хатымыз нәтижесіз, аяқсыз қалмайды деп сенеміз. Біз мерзімді басылымдардың таралымын көбейтудің бірнеше жолдарын ұсынамыз» деп бір топ қазақ баспасөзі редакторларының қолы қойылған хат тағы да Мемлекет басшысына жолданды. Мәселе шешімін тапса игі! Мерейтойлық құттықтаулар айтылып, кітаптардың тұсауы да кесілген, қазақ баспасөзінің мәселесі де талқыланған жиын көпшіліктің көңілінен шықты.

Қуаныш ЕРМЕКОВА, «Заң газеті»

Новый закон – шаг к прозрачности

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПОДПИСАЛ ЗАКОН, ВНОСЯЩИЙ СУЩЕСТВЕННЫЕ ИЗМЕНЕНИЯ В РЯД НОРМАТИВНЫХ АКТОВ, ВКЛЮЧАЯ ЗАПРЕТ НА НОШЕНИЕ ПРЕДМЕТОВ ОДЕЖДЫ, ЗАКРЫВАЮЩИХ ЛИЦО, В ОБЩЕСТВЕННЫХ МЕСТАХ. ИНИЦИАТИВА ВЫЗВАЛА ШИРОКУЮ ОБЩЕСТВЕННУЮ ДИСКУССИЮ СРЕДИ ЭКСПЕРТОВ, ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ГРАЖДАНСКОГО ОБЩЕСТВА И РЕЛИГИОЗНЫХ ДЕЯТЕЛЕЙ.

Елімізде ағаштарға келтірілген залал үшін өтемақы мөлшері артты

Қазақстанда ағаштарды жойғаны үшін өтемақының жаңа мөлшері бекітілді. Енді кейбір ағаш түрлерін заңсыз кескеніңіз, бүлдіргеніңіз немесе жинағаныңыз үшін бір ағашқа 314 560 теңгеге дейін төлеуіңіз мүмкін.

Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабатын киім киюге ресми тыйым салынды

Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабатын киім киюге ресми тыйым салынды. ҚМДБ жаңа өзгеріске байланысты мәлімдеме жасады.

Батыс Қазақстанда киік еті қайта өңделеді

Батыс Қазақстан облысында алты ет комбинаты киік етін өңдеуге дайын, олардың ішіндегі ең ірісі Орал қаласында орналасқан.

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ – БІР ОТБАСЫНЫҢ ТРАГЕДИЯСЫ ЕМЕС

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі жуырда Алматы облысының Қонаев қаласында кезекті форумын өткізді. Ұйым нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм жəне ысырапшылдық сияқты əлеуметтік кеселдердің алдын алып, тосқауыл қою мақсатында «Салауатты сана» жобасын əзірлеген болатын.