ҰЛТТЫҚ КИНО ҰЛТТЫҢ ТІЛІНДЕ ҚАШАН СӨЙЛЕЙДІ?!

«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2022 жылғы конкурстың нәтижелерін жариялады. Іріктеуден өткен 62 киножоба енді мемлекеттен қаржылық қолдау алады. Бұл шешім Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жанындағы Сараптама кеңесінің қорытындысы мен Ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия ұсынымының негізінде қабылданған. Орталықтың мәліметіне қарағанда, биыл ашық қорғауға 204 киножоба қатысқан. Іріктелген өтінімдердің 18-і – толықметражды ойын фильмдері, 19-ы – деректі, 17-сі – қысқаметражды және 8-і – анимациялық фильмдер. Осы арада айта кететін бір жайт, мемлекеттен қаржылай қолдау алатын 62 жобаның 35-і ғана – мемлекеттік тілде жазылып, мемлекеттік тілде түсірілетін фильмдер. Өзгесі – орыс тілінде түсіріліп, содан кейін ғана мемлекеттік тілде дыбысталатын дүниелер.
Атап айтқанда, бірлесіп шығарылатын «Сны реки» деректі фильмі («Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ) мен кең ауқымды көрермендер аудиториясына арналған «Алматы, я люблю тебя!» көркемсуретті ойын фильмі («Black and White Production» ЖШС) атынанақ көрініп тұрғандай, тек орыс тілінде түсірілмек. Әлеуметтік маңызы бар анимациялық фильмдердің қайсысы қай тілде түсірілетінін «Жошы», «Буйрабас», «Тайқазан хикаясы», «Ашина. Легенда о небесных волках», «Оркеш», «Алмалы», «Дерево Амен-ага» деген атауынан-ақ байқауға болады. Бұл жағдайды «Авель», «Операция «Набат», «Олиара», «Лучник», «Беркут», «Гости», «Носорог», «Шу-Ла-Ма», «Солдат любви», «Ароматное сердце», «Айқай», «Тезек», «Талақ», «Метро», «Қара қыз», «Жел Токтаган Жер», «Хранитель», «Спутник», «Иноходец», «Ледник», «Жел пайда болған жер», «Той», «Поговори со мной, Маншук…», «Кинолетопись», «Пряники для ее отца, моего прадеда, ее деда», «Аркау-Озок», «Аул стратегического значения», «Ева. Батыр-қыз», «Молитва Лейлы», «Великий казахский самоед», «Ошибка», «Киин-Кериш», «Бибигуль Тулегенова – линия Судьбы» деп аталатын «әлеуметтік маңызы бар фильмдер» деп сипатталған жобалардан да аңғаруға болады. Сол сияқты «Мереке», «Возмездие», «Сауға», «Әке», «Клубничная Принцесса», «Сабыр», «Қыр басындағы екеу», «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды», «Понча», «Преступник», «Пуговицы», «Сары-өмір», «Дала қорғаушысы», «Сократы», «Кешігіп соққан жел», «Үміт сәулесі», «Защищенное место», «Повилика», «Все на мослы», «Курт», «Абдуллина» сияқты «дебюттік» фильмдерден де көруге болады. Егер еске түсірер болсақ, «Ұлттық киноны қолдау» мемлекеттік орталығы ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №113 қаулысымен «Кинематография туралы» заңды жүзеге асыру мақсатында құрылған болатын. Оның негізгі миссиясы – кинематография саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және отандық киноиндустрияны дамыту үшін жағдай жасау екені орталық сайтында да көрсетілген. Мемлекеттік қаржыландыруды ұсынатын біріңғай оператор ретіндегі бұл орталықтың қызметі ұлттық фильмдерді шығару мен ілгерілетуді қолдауға, кинопрокатты дамытуға және елдегі кинотеатрлар санын арттыруға бағытталуы тиіс болатын.

Қызметі ұлттық кинематографияны қолдауға, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және отандық фильмдерді Қазақстанда және шетелде танымал етуге бағытталған орталық жұмысына сарапшылар өз бағасын бере жатар. Біздің айтпағымыз, 2019 жылғы 17, 2020 жылғы 39 киножобаны естіген, көрген адам бар ма?

Данияр САЛАМАТ, режиссер:

– Ұлттық киноны дамыту үшін, оны, ең алдымен, мемлекеттік тілде түсіру керек қой. Өз басым «Ұлттық киноны қолдау» мемлекеттік орталығының «Біз конкурстан өткен өзге тілдегі киножобаларды да олар түсіріліп болған соң түгел қазақ тілінде дыбыстаймыз» дегенін еш қабылдай алмаймын. Оның өзі қосымша қаржыландыруды талап ететін дүние ғой. Ұлттық кино тек ұлттық тілде ғана түсірілу керек. Қалған әңгіменің бәрі бос сөз. Осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан қаржылай қолдау тапқан жобалардың саны, естуімізше, аз емес екен. Алайда оның қайсысы Қазақстанды шетелде танымал етуге өз үлесін қосқанын білмейді екенмін. Мүмкін мен көрмеген, естімеген шығармын. Сондықтан конкурстан сүрінбей өтіп, мемлекеттен қаржылай қолдау алған киножобалардың қайсысы сәтті, қайсысы сәтсіз шыққанынан өз басым хабарсызбын.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.