12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

16 жасқа толмаған қазақстандықтар электр самокатын тізгіндей алмайды

Қазақстанда электр самокаттарын жүргізуге жас шектеуі енгізілмек. Енді 16 жасқа толмаған жасөспірімдер скутерді тізгіндей алмайды. Бұл туралы ІІМ әкімшілік полициясы комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев онлайн брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Электр самокатын жүргізушілерден жеке куәлік талап етілмейді. Тек міндетті шарт болады. Электр самокатымен жолға, веложолға, қоғамдық көлік жолағына немесе тротуарға шығатын жүргізушінің жасы 16-дан асқан болуы керек», — деді Мұраталиев. 

Электр самокаттар түнгі уақытта жақсы көріну үшін фарлармен және катафоттармен жабдықталуы тиіс. 

Өзгерістер биыл «Жол жүрісі туралы» заңға, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және жол жүру ережелеріне енгізіледі. 

Айта кетейік, шілде айының басында Қазақстанда электр самокаттары үшін стандарттар бекітілді. Жаңа ереже бойынша, самокатқа тек бір адам міне алады. Оның жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспауы тиіс. Ал сағатына 50 шақырымнан аса жүретін самокат жүргізушілері А1 санатындағы жүргізуші куәлігіне ие болуы тиіс. 

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ – БІР ОТБАСЫНЫҢ ТРАГЕДИЯСЫ ЕМЕС

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі жуырда Алматы облысының Қонаев қаласында кезекті форумын өткізді. Ұйым нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм жəне ысырапшылдық сияқты əлеуметтік кеселдердің алдын алып, тосқауыл қою мақсатында «Салауатты сана» жобасын əзірлеген болатын.

ҚТЖ-ға жаңа басшы тағайындалды

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының (ҚТЖ) жаңа басқарма төрағасы болып Талғат Алдыбергенов тағайындалды.

Қайтарылған активтердің 45 млрд теңгесі қайда жұмсалады?

ҚО-да су құбыры инфрақұрылымын дамытуға елге қайтарылған заңсыз активтер есебінен 45 млрд теңгеден аса қаражат бөлінді.

Бүгін Әлем кубогінде Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

3 шілдеде Астанада бокстан Әлем кубогінің кезекті жарыс күні өтеді. Қазақстан құрамасынан бүгін рингке жеті боксшы шығады.

Мемлекет басшысы Олжас Бектеновті қабылдады

Мемлекет басшысы премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады.