АСТАНА — ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТҰМАРЫ

6 шілде – еліміздің бас қаласының туған күні. Алғашында Ақмола атанып, кейіннен Астана атын иемденген елордамыз 2019 жылдың 20 наурызынан бастап Нұр-Сұлтан аталып келеді. Үш жылдан бері құлаққа сіңісті болған жаңа есімнің алғашқы Президент құрметіне қойылғаны белгілі. Астананың 10 жылдық мерейтойы қарсаңында «Мерекелер туралы» заңға толықтыру енгізу туралы» заң жобасы мақұлданып, соған сәйкес астана күні жаңа мемлекеттік мереке болып белгіленген болатын. Сөйтіп еліміздегі мәні зор, маңызы айрықша мерекелердің қатары тағы бір күнмен толыққан еді.

Қалай десек те бұл күннің Қазақстан тарихындағы орны бөлек. Өйткені, астананың ауысуында үлкен стратегиялық мән бар. Қаржылық шығыны мол болғанымен, бұл мемлекеттік бастаманың өзіне жүктелген үдеден шығып, тапсырылған миссияны мүлтіксіз орындап келе жатқанына халық куә. Қазақстанның жүрегінде орналасқан әсем қаланың бүгінде сәулеті келіскен, мәртебесі асқақтаған. Ақорданың көшін орталыққа бұру арқылы Есілдің бойында ертегідей әдемі шаһар бой көтерді. Талай жастың арманы болып, жас отбасылардың жаңа өмір бастауына жол салған астанамыздың халықаралық аренадағы орны да биік. Оны соңғы жылдары елорданың бірнеше мәрте халықаралық келіссөздер алаңына айналуынан байқау қиын емес. Тәуелсіздіктің тұмары іспеттес бас қаламыз осы уақытқа дейін халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды. Соңғы жылдар ішінде Қазақстанның елордасы бірнеше рет барша әлемдік қоғамдастықтың басты назарына ілінді. Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, Астана экономикалық форумы және өзге де маңызды халықаралық оқиғалар өтуде. Сонымен бірге, ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері де астана төрін дүбірге толтырды. Елордада ЭКСПО халықаралық көрмесінің өтуі ЭКСПО қалашығының бой көтеруіне түрткі болды. Жалпы, Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы астананы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналуына ықпалын тигізді. Бас қаланы дамыту, түрлендіру бағытындағы жұмыстар әлі де жалғаса береді. Ал осы істердің нәтижелі, жемісті болуы астаналықтардың ғана емес, барша қазақстандықтардың міндеті. Іргетасы берік, шаңырағы биік болған астанамыз әрқашан ел күтетін сүйінші жаңалықтардың жаршысы, игілікті істердің қайнары болғай!

Жібек ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.