Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда 2027 жылы президенттік мерзімі аяқталатын Франк-Вальтер Штайнмайердің ізбасары қарастырылып жатыр. Мүмкін болатын кандидаттардың арасында ХСК-дан (ХСС) шыққан 61 жастағы Ильзе Айгнер аталуда. Егер ол бұл қызметке ие болса, ел тарихындағы тұңғыш әйел-президент атанады.

Федералды президент сайлауы 2027 жылдың 30 қаңтарына жоспарланған. Германиядағы мемлекет басшысы негізінен өкілдік функцияларды атқарады және үкімет жұмысын басқармай, ел бірлігінің символы ретінде әрекет етеді. 

Айгнер бұған дейін Германияның ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарған. Оны ымыраға келіп, қайшылықтарды жоя алатын саясаткер ретінде бағалайды.

Қазір ол Бавария ландтагын басқарады. Бұл жолы кандидат ұсыну құқығы СДПГ және ХСК кіретін билеуші коалицияның ірі партиясы – ХДК-ға тиесілі. Штайнмайердің ізбасары туралы түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ. 

Жаңа тарихи кезең – жаңа міндеттер: Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобын құрды 

Президент жанындағы жаңа сараптама тобы елдің ұзақмерзімді даму басымдықтарын айқындап, стратегиялық бастамаларды талқылауға қатысады. Оның құрамына кімдер енді?

Алматыда әрбір үшінші жолаушы автобуста жолақысын төлемейді 

Алматыда автобустардың лық толуы қала тұрғындары жиі көтеретін мәселелердің бірі. Әлеуметтік желі қолданушылары қоғамдық көліктегі жолаушылардың бір бөлігі жолақысын төлемейтіндіктен, олардың нақты саны есепке алынбай қалуы мүмкін екенін айтып жүр. Тіпті бұл жағдай қала билігінің автобусқа деген сұранысты бағалауына әсер етуі ықтимал.

Қытай 2030 жылға қарай Айдан су мен оттегі өндіруді жоспарлап отыр 

Қытайдың Айды зерттеу бағдарламасының бас конструкторы У Вэйжэнь бастаған мамандар тобы осы бағыттағы ғылыми-техникалық жоспар әзірлеген.

Қазақстандықтар банктерге 26,7 трлн теңге қарыз: Кім кредит ала алмайды? 

2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының банктер алдындағы кредиттік берешегі 26,7 трлн теңгені құрады.

Оқушылардың қысқы каникул уақыты өзгерді 

Бекітілген кестеге сәйкес, оқушылар 28 желтоқсаннан бастап демалады. Ал сабақ 2027 жылғы 11 қаңтарда қайта басталады.