ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Үш жылдық оқу жүйесі қалай жұмыс істейді?

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есінбаеваның айтуынша, үш жылдық оқу жүйесіне көшу жай ғана оқу мерзімін қысқарту емес. Бұл – академиялық кезеңдерді тиімді ұйымдастырып, уақытты ұтымды пайдалану тәсілі.

Мұны тек механикалық өзгеріс деп түсінбеу керек. Жоғары оқу орындары уақытты тиімді пайдалану және академиялық кезеңдерді ұтымды ұйымдастыру үшін үш жылдық жүйеге көшіп жатыр. Мұндай жағдайда демалыс уақыты қысқарып, сабақтар ертерек басталуы мүмкін. Әр университет бұл шешімді өз дербестігіне сәйкес қабылдайды, – деді Жанна Есінбаева.

31 арнаның «Информбюро» ақпараттық бағдарламасының мәліметінше, оқу мерзімі қысқарғанымен, студенттер игеруге тиіс академиялық кредиттер саны азаймайды. Үш жылда бакалавриат бағдарламасы бойынша 240 академиялық кредитті меңгеру қажет. Ал кейбір бағыттарда бұл көрсеткіш 300 кредитке жетеді.

Қазір Қазақстанда 16 мыңнан астам студент триместрлік жүйемен білім алып жатыр. Бұл жүйеде оқу жылы үш академиялық кезеңге бөлінеді.

Қандай мамандықтар үш жылда оқытылмайды?

Триместрлік жүйе ақпараттық технологиялар, бағдарламалау, киберқауіпсіздік, жасанды интеллект, деректерді талдау, бизнес-аналитика және маркетинг сияқты бағыттарда қолданылады. Алайда медицина, ветеринария, педагогика және архитектура мамандықтары бойынша білім алу мерзімін қысқарту қарастырылмаған. Бұл салаларда теориялық біліммен қатар ұзақ мерзімді тәжірибелік дайындық қажет. Демек, университетті үш жылда бітіру мүмкіндігі барлық студентке бірдей берілмейді. Оқу мерзімі мамандыққа, білім беру бағдарламасына және жоғары оқу орнының қабылдаған шешіміне байланысты болады.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.

Оқушылар мектепте тегін тамақтанады: Бір балаға күніне қанша ақша бөлінеді? 

Қазақстанда 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектептерде тегін тамақтандырумен қамту ауқымы кеңейтілді. Қазіргі уақытта 1-4-сыныптарда оқитын 1,4 миллионнан астам бала және әлеуметтік осал санаттарға жататын 5-11-сыныптардың шамамен 230 мың оқушысы тегін тамақтанады.

1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді? 

Қараша айында Қазақстанда бірнеше маңызды өзгеріс күтіледі. Оқушылар күзгі демалыстан кейін мектепке оралады, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық жалғасады.

Тоқаев 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылды Қазақстанда Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды.