spot_img
spot_img

Әділетсіздік жайлаған қоғам құрдымға кетеді — Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында полицияның сервистік моделін қалыптастыруда халықпен тығыз жұмыс істейтін салаларға басымды беруілуі керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Ел ішіне ірткі салатын жат идеологиялар қоғамға қатер төндіреді. Өкінішке қарай, әлеуметтік желіде жұртты заң бұзуға итермелейтін ағымдар өте көп. Олардың жолын кесу үшін басқа да құзырлы органдармен бірлесіп жұмыс атқару керек», – деді Президент. 

Ол үшін қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатқан абзал екені де айтылды. 

«Бүкіл құқық қорғау жүйесінің басты міндеті – заңнаманың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету. Сол мақсатпен былтыр елімізде қылмыстық процестің үш буынды үлгісі енгізілді. Бұл қадам азаматтардың конституциялық құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік береді. Істерді тергеу сапасын арттырады. Сондай-ақ, заң нормалары дұрыс қолданылатын болады. Бірақ жаңа, әділетті Қазақстанды құру үшін қылмыстық процесті одан әрі жетілдіру қажет. Сот төрелігі ашық әрі қолжетімді болуға тиіс. Әділетсіздік жайлаған мемлекет құрдымға кететінін жақсы білесіздер. Бәріне бірдей, әділ әрі түсінікті заңнамасы бар ел ғана мықты болады. Біз барлық азаматқа тең мүмкіндік беретін қоғам құруымыз керек», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстанда вейпке толығымен тыйым салу ұсынылды

Қазақстанда депутаттар жасөспірімдер арасында танымал вейптерге толығымен тыйым салуды ұсынды.

Бірыңғай жиынтық төлем төлеп келген қазақстандықтар таңдау жасауы керек — Қаржы министрлігі

Қаржы министрлігі Бірыңғай жиынтық төлем – БЖТ алдағы уақытта жойылатынын растады. Ведомство оны төлеген қазақстандықтар не істеу керек деген сұраққа жауап берді.

Қазақстанда балалардың әлеуметтік желілерге кіруі шектеледі

Қазақстанда ата-анасы немесе заңды өкілінің рұқсатынсыз TikTok, Instagram, Facebook, WhatsApp, "ВКонтакте" платформаларында кәмелетке толмағандарды тіркеуді шектеу шараларын қабылдау жоспарланып отыр.

Алматы мектептерінде соңғы қоңырау мен бітіру кеші қашан болады?

Алматы қаласының Білім басқармасы қала мектептеріндегі соңғы қоңырау және мектеп бітірушілер күні қашан, қандай форматта өтетінін айтты.

ҚАРТАЙҒАН ҚОҒАМНЫҢ ҚАУПІ ҚАНДАЙ?

«Қарты бар үйдің қазынасы бар», «Қария – ағып жатқан ақыл дария», «Ел қариясы – ел қазынасы» деп жалғаса кететін үлкендер жайлы ізгілікке толы тәмсілдер легі баршылық. Халқымыздың түсінігінде үлкенді сыйлау, өнегелі өмір жолынан үлгі алу, алдарын кеспеу, сөзін зейінмен тыңдау секілді тәрбиелік амалдар ізгі істер қатарында.