Қазақстандағы қартаю индексі айтылды

Қазақстанда қартаю индексі өсіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәліметінде айтылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылы өңірлерде халықтың қартаю индексі 26,6 болған. Бұл елімізде 0-15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 26,6 азамат келеді деген сөз. 2017 жылы бұл көрсеткіш 25,9 деңгейінде болған.

Ауылдық жерлермен салыстырғанда қалаларда қартаю деңгейі жоғары — 28,7. 2019-2020 жылдар аралығында қала индексі 29,1 деңгейінде бағаланды.

«Өңірлер арасында ең жоғары көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында, индекс 66,5 болды. Ең жас қала Шымкент болды, 100 балаға 65 жастан асқан 14,3 адам келеді. Елорда тұрғындары да салыстырмалы түрде жас, Нұр-Сұлтан индексі — 17,3.

Ауыл тұрғындарының қартаю индексі қала көрсеткішінен 4,9 тармаққа (23,9) төмен. Көрсеткіш бес жыл ішінде шамалы өзгерді, 2017 жылы 100 балаға 22,4 ересек адам келді», — делінген хабарламада.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...