Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

ҚР Туризм және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес, Азия ойындарында алтын медаль иеленген спортшыға 10 мың доллар, күміс жүлдегерге 5 мың доллар, ал қола медаль иегеріне 3 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Төлемдер теңгемен жүзеге асырылады.

Мәселен, командалық спорт түрлерінде сыйақы барлық мүшеге теңдей бөлінеді. Яғни, жалпымедалдық есепте бір ғана марапат жазылғанымен, команданың әрбір спортшысы жүлде сомасын толық көлемде алады. Егер 15 адамнан тұратын команда күміс медаль жеңіп алса, онда оның әрбір қатысушысы 5 мың доллардан алады, ал жалпы төлем 75 мың долларды құрайды.

Бапкерлер үшін жеке сыйақылар қарастырылған: алтын — 5 мың, күміс — 3 мың және қола үшін 2 мың доллар. Теңгеге шаққанда бір медальдің сомасы келесідей: алтын — шамамен 4,48 млн теңге, күміс — 2,24 млн, қола — 1,34 млн теңге.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы Аичи–Нагоя Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады. Оның ішінде 12 алтын, 24 күміс және 48 қола жүлде бар. Бұл нәтиже Қазақстанға жалпы медаль кестесінде сегізінші орын алуға мүмкіндік берді.

Осы жағынан алғанда, спортшыларға берілетін төлемдердің жалпы сомасы 545 мың долларды, яғни 4 қазандағы бағам бойынша шамамен 244 012 850 теңгені құрайды. Бұл — бапкерлердің сыйақыларын есепке алмағанның өзіндегі сома. Олардың төлемдері бөлек есептеледі.

Мемлекет қазынасына ауыз салу елге жасалған ең ауыр қастандық – Президент 

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет қазынасына ауыз салу, Конституцияның талаптарын аяққа таптау – елге жасалған ең ауыр қастандық екенін айтты.

Послание в диалоге с гражданами 

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОТ ВСЕХ ФРАКЦИЙ ПРОВЕЛИ 155 ВСТРЕЧ С...

Елімізде ағаштың кей түрлерін экспорттауға тыйым салынуы мүмкін 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тиісті бұйрық жобасын жариялап, 4 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынды.

Қазақстан жылыжай көкөністерінің импортын арттырып келеді 

Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) мәліметінше, суық маусымда Қазақстанның импорттық көкөністерге деген қажеттілігі жоғары деңгейде қалып отыр. Өткен қыста шетелден жеткізілген қияр көлемі қараша және желтоқсан айларында күрт өскен. Бұл үрдіс 2026 жылдың алғашқы айларында да жалғасын тапты.

Ресей мен Украина бітімге келе ме: Қазақстан үшін келіссөздің маңызы қандай? 

Өткен аптада, тоғыз айлық үзілістен кейін, Украина мен Ресей АҚШ-тың делдалдығымен Абу-Дабиде келіссөз үстеліне қайта отырды. Екі күнге созылған кездесуде тараптар әскери тұтқындарды айырбастау жөнінде алдын ала уағдаласқанымен, аумақтық мәселе мен қауіпсіздік кепілдіктеріне қатысты ортақ шешімге келе алмады.